Жеміс-жидек арзан бағамен

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев өзбекстандық кәсіпкерлермен кездесіп, тараптар жеміс-жидек, көкөніс жеткізу жөнінде меморандумға қол қойды.

Бұл көрші мемлекеттердің арасындағы дұрыс, тиімді, керек қарым-қатынас екендігін атап өтті қала басшысы. «Былтыр Ақмола облысы мен Өзбекстан арасында бірқатар келісімшартқа қол жеткізілді. Өңір басшысының тапсырмасымен жеміс-жидек бағасын тұрақтандыру мақсатында биыл да бірлесе жұмыс істейтін боламыз», – деді Ермек Маржықпаев.

Өзбек кәсіпкерлері сауда-саттық бағытындағы жоспарларымен таныстырды. Олар өнімді кідіріссіз жеткізуді ұсынып отыр. «Тұрғындарды жыл он екі ай көкөніспен қамтамасыз ету мақсатында қалаға ай сайын 200 тонна жеміс-жидек, көкөніс жеткізу жоспарланып отыр. Басты мақсат – тұрғындарды сапалы әрі арзан көкөніспен қамту», – деді кәсіпкер Хайотбек Моминов. Жеміс-жидек, көкөніс тасымалына жан-жақты мүмкіндіктер жасала берсе, олар да жергілікті халықтың қалтасын жұқартпай, қолжетімді бағада базар көркін қыздыра түсері анық. «Бізде баға өзге сауда нүктелеріне қарағанда 20-30 пайызға төмен. Өзбекстанның ауылшаруашылығы өнімін өндірушілермен жасалған келісімшарт нәтижесінде бұл өңірлерден өнім еш делдалсыз бізге тікелей жеткізілетін болады», – дейді «Көкше батыр» сауда орталығының атқарушы директоры Жасылан Қалдыбаев.

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий