Жемқорлықпен күрес – баршаға ортақ міндет

 «Достар» мәдениет сарайында «Адал жол» облыстық жемқорлыққа қарсы форум өтті.

Шарада сөз алған облыс әкімінің орынбасары Олжас Бектенов сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оны барынша азайту үшін қоғам мүшелерінің барлығы бірлесе отырып, белсенді түрде жұмыс жасауы керектігін айтты. Биылғы жылдың сәуір айында облысымызда «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны бастау алған болатын. Мемлекеттік қызметшілер мен қоғамдық  ұйым өкілдерінің басын қосқан облыстық форумда аталмыш марафонның қорытындысы шығарылып, сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында өз үлестерін қосып жүрген бірқатар азаматтарға Алғыс хаттар табыс етілді. Замана індетіне айналған жемқорлықпен күресте жоғары азаматтық позиция ұстанып, ұйымшылдық танытқаны үшін Жарқайың ауданы жүлделі бірінші орынға ие болса, есілдіктер мен қорғалжындықтар екінші және үшінші орындардан көрінді. Жемқорлыққа қарсы бейнероликтер түсірілімі байқауы бойынша Көкшетау қаласындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясы, №1 Балкашин орта мектебі жеңімпаз атанды.  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов бүгінгі күнге дейін 33 мыңдай адамды қамтыған 437 шара өткізіліп, мектептерде жемқорлыққа төзбеушілікті насихаттайтын 195 балалар клубы жұмыс істеп келгендігін атап өтті.

«Ақмола-«Тіршілік» ЖШС директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жабал Ерғалиев облыс халқы атынан жарияланған үндеуді оқып, форумға қатысушыларды жемқорлықпен күресте бірге болуға шақырды. Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру бағытында әзірленген бейнероликтерді көріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта дайындалған кітап және сурет көрмелерін тамашалады.

Ә.ҰЛАНҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий