Жеткіншек – ел келешегі

Көкшетау қаласының әкімі Ермек МАРЖЫҚПАЕВ:

Жеткіншек – ел келешегі

Сіздерді халықаралық жастар күнімен құттықтаймын! 1985 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы тұңғыш рет Жастар жылын атап өтті. Оның 10 жылдығында жастардың жағдайын жақсарту бойынша әлемдік бағдарлама қабылданды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев біздің елімізде жас буынның әлеуетін дамыту мен жүзеге асыруға барлық жағдай жасалғанын айтады. Ұлт жоспары – «100 қадам», «Бизнестің жол картасы-2020», «Дип-ломмен ауылға», «Жасыл ел» жобаларының бәрі жастарды қолдауға арналған.

Мемлекет басшысының бастамасымен заманауи білім беру жүйесін ұстанған зияткерлік мектебі, Астана қаласында халықаралық деңгейдегі университет ашылды. Жыл сайын мыңдаған студент әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарына түседі. Өмірдегі ең басты құндылық – білім, кәсіби біліктілік және Отанды сүю екенін естен шығармаңыздар. Сіздердің бойларыңызда үлкен күш, жігер тұнып тұр. Соны туған қаланы дамытуға және елімізді өркендетуге бағыттаңыздар. ХХІ ғасыр – дәстүрлі түрде жастардың, талантты да белсенді жандардың ғасыры. Біздің қала жастарының арасында Отанға өзінің білімі мен білігін сарқа жұмсап жүргендер бар. Олар еліне адал қызмет етіп келеді. Әлі де атқаратын жүздеген, мыңдаған істер бар, оларға сіздердің идеяларыңыз бен күш-жігерлеріңіз аса қажет. Сіздерді алдағы уақытта да қаланың мәдени және қоғамдық өміріне араласып, өз үлестеріңізді қоса береді деген сенімдемін. Болашақта алға қойған мақсаттарыңызға жету жолында мықты денсаулық, қажымас қайрат, талмас талап тілеймін. Сіздер дамыған Қазақ елінің ертеңісіздер. Соны ұмытпағайсыздар!

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс