Жетістіктерді өнімді еңбекпен еселейік!

Көкшетау қалалық әкім-дігінің кезекті аппарат мәжілісінде аяқталып қалған 2016 жылдың қорытындысы тағы бір сараланып, есепті мерзім ішіндегі атқарылған жұмыстарға назар аударылды. Жиынды жүргізген қала әкімі Ермек Маржықпаев тиісті бөлімдер басшыларының алдағы уақытта да тізгінді босаңсытпай, еңбек қарқынын еселей түсулерін тапсырды.

– Жалпы, үстіміздегі жылды ойдағыдай қорытындылап отырмыз. Облыстың аудандары мен қалаларының нәтижелерімен салыстырғанда алдамыз. Бұл бәріміздің тізе қоса жұмыла атқарған жұмысымыздың жемісі, – дей келе қала әкімі Е.Маржықпаев әр сала бойынша қол жеткен көрсеткіштерді алға тартты. Сондай жақсы нәтиже, жағымды жаңалықтарды алға тартқан қала әкімі кейбір кемшілікке, олқы тұстарға да тоқталып өтті. Мысалғы, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуді дұрыс жолға қою керек. Кейбір азық-түлік түрлерінің бағалары аудандардағыдан да қымбат болып тұр. Ірімшік, жұмыртқа, нан түрлерінің бағаларымен ұқыптап айналысып, төмендету жолдарын қарастыру керек. Жақсы көрсеткішке әрең іліккен бөлімдер тез жинақталып, алға қарай өз істеріндегі кемшіліктерді түзетуі тиіс. Жылу үшін ақша төлеуге келген тұрғындардың сарылып, сағаттап кезекте тұруы жөн бе? Өзіміз жылу үшін қаржы төлемейді деп дабыл қағамыз, өзіміз келген жұртқа ақы төлеуге жағдай туғызбаймыз? Әкім қаланы Жаңа жыл мерекесіне сай безендіру, көркейту, тазалық жұмыстарын сапалы жүргізуді, жарық, су, жылу жүйелерінің кедергісіз істеуін, полиция, төтенше жағдай қызметтерінің, кезекшіліктердің қырағы атқарылуын тапсырды. Қала әкімі жиын соңында қаржы бөлімінің жетекшісі Гүлнар Құсайыноваға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекелік медалін табыс етті.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс