Жетістіктермен танысты

Көкшетау қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Әріптес мектептер» жобасы аясында ел Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған «Жасампаздық пен даму жылдары» тақырыбында ашық сабақ өтті. Шараға онлайн-режимде облыстың 95 жетекші мектебінен 2 500-ге жуық оқушы қатысты. Оқу орнының акт залында сабақ басталар алдында фотокөрме ұйымдастырылды, онда оқушылардың назарына зияткерлік мектептердің оқушылары мен мұғалімдерінің Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесулері және Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі бүкіл жүріп өткен жолы бейнеленген фотосуреттер ұсынылды. Ашық сабақ барысында педагогтар мен оқушылар Тәуелсіздік кезеңіндегі Республиканың даму кезеңдерін, жетістіктерін, елдің бітімгерлік бастамаларын, соның ішінде ядролық қарусыздану және оның таралуын тоқтату саласындағы бастамаларын, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет құрудағы негізгі рөлін талқылады. «Балалар тәуелсіздіктің жариялануы мен әлемнің халықаралық картасында егеменді Қазақстанның пайда болуынан және Конституцияны қабылдаудан бастап мемлекеттік басқару құрылымын құруға, мемлекеттік рәміздерді бекітуге дейінгі барлық жолды жақсы білуге тиіс. Көп жағдайда тұлғаның қалыптасуы осыдан басталады», – деп бөлісті «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» пәнінің оқытушысы Амангелді Сәтиев. Сабақ соңында оқушылар демография, экономика, ғылым және экология саласында алдағы 30 жыл ішінде еліміздің дамуы туралы өздерінің ғылыми болжамдарын ұсынды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий