Жетістіктеріміз – мереке құрметіне

Қала әкімі Ермек Маржықпаев барлық қалалық бөлімдер басшыларының қатысуымен жиын өткізді. Онда әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының ойдағыдай орындалуына, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын табыспен қарсы алуға айрықша назар аударылды. Осыған орай қала басшысы кезек күттірмейтін міндеттерді қадап айтты.

Алдымен кеңесте «Көкшетау Жылу» мекемесінің жетекшісі Сергей Жуковтың қалаға жылу берудің бүгінгі жай-күйі туралы хабарламасы тыңдалып, істің мән-жайы талқыланды. Сондай-ақ, қала басшысы қаржы бөлімінің жетекшісі Гүлнар Құсайынова, зкономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің жетекшісі Гүлмира Шұқатованың мекемелерге бөлінген қаржының игерілуі, жоспарлы уақытта орындалуы жөніндегі мәліметті сұрастырды. Басқа бөлім жетекшілері де дәл бүгінгі күнге дейін атқарған істері, қаржының игерілуі туралы баян етті. Пәтер иелері кооперативтері құрылмаған көпқабатты үйлерге қызмет көрсетуге арнайы бригада құрылып, жұмысын бастаған. Енді жылу, су желілерінен ақау шыққанда тұрғындар оларды жедел шақырта алады. Күзгі ағаш егу жұмыстары аяқталды. Спорт, балалар ойнайтын алаңдар жоспарға сәйкес құрылып, жасақталды. «Васильковка» мөлтек ауданындағы жолдар мен Капцевич көшесіндегі күрделі жөндеу толық аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Алдағы уақытта жылудың талапқа сай берілуі, көктайғақ болғанда көшелерге құм шашудың кешеуілсіз жүргізілуі, жаяу жүргінші жолдары,  жол жақтаулары үнемі аршылып, тазаланып тұруы қадағалансын. Бұл – қауіпсіздіктің алдын алуға игі әсер ететін жұмыстар. Алда келе жатқан мерекелерге дайындық үздіксіз, тыңғылықты жүре бермек. «Біз биылғы жылды жоғары көрсеткіштермен, ойдағыдай қорытындылауымыз керек. Қолжеткен барлық жетістіктеріміз, табыстарымыз ел Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына арналады», – деді жиынды қорытындылаған қала әкімі Ермек Маржықпаев.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс