Жетістіктер сараланды

15 желтоқсанда «Көкшетау» мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған салтанатты шара өтіп, онда облыс әкімі Мәлік Мырзалин құттықтау сөз сөйледі. Өңір басшысы осы кезең аралығында республикамыздың, облысымыздың ішкі және сыртқы саясатта, әлеуметтік-экономикалық дамуда қол жеткен жетістіктеріне тоқталды. Салтанатты жиында облыс әкімі Елбасының Жарлығымен әлеуметтік-экономикалық-мәдени дамуға зор үлес қосқан бір топ ақмолалықтарға мемлекеттік наградалар тапсырды.

Көкшетау қаласы бо-йынша «Парасат» орденімен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Ә.Әбжаппаров, «Ерен еңбегі үшін» медалімен Ақмола облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Д.Ахметжанова, агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Көкшетау қалалық аумақтық инспекциясының жетекшісі Қ.Бектеміров, «Гормолзавод» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ә.Жақсылықов, Ақмола облысы денешынықтыру және спорт басқармасының «Жоғары спорттық шеберлік мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің спортшы-нұсқаушысы Т.Жүсіпов, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен «Таңдау» көпсалалы гимназияның мұғалімі Ә.Ахетова, Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Г.Кәрімова марапатталды. Сонымен бірге өңір басшысы «Қансонар» халықаралық бүркітшілер сайысында бірінші орын алған жерлесіміз Қанат Шүлембаевқа жеңіл автокөліктің кілтін тапсырды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий