Жеңімпаздар марапатталды

«Достар» мәдениет сарайында «Тіліміздің теңдігі – ұлтымыздың елдігі» тілдер онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.
Оның барысында Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Серік Құдабай жиналғандарды тілдер мерекесімен құттықтап, «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» облыстық конкурсына қатысқаны үшін республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Ақмола облысы бойынша меншікті тілшісі Байқал Байәділов, облыстық «Акмолинская правда» газетінің тілшісі Нина Митчинова, қалалық «Көкшетау» және «Степной маяк» газеттерінің тілшілері Әсем Құлжанова, Аружан Сатыбалдинова, ардагер журналист Сайлау Көшкенұлы, «Қаз-ақпарат» АА тілшісі Асылан Оспановтарға облыс әкімінің алғыс хаты мен тауар сертификатын табыс етті. Шара барысында Ақмола облысының жергілікті қаламгерлері арасында өткен балаларға арналған қазақ тіліндегі үздік шығармалар облыстық онлайн байқауының марапаттау рәсімі де өтті.
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, тілдер онкүндігі биыл жаңаша форматта өтеді. Дәстүрлі акциялардан бөлек жастар челлендждері де ұйымдастырылмақ. Көкшелік көрер-
менді осы онкүндікте есте қаларлық тамаша шаралар күтіп тұр.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий