Жолдау жол ашқан мүмкіндіктер

Облыс орталығындағы биыл ашылған ІТ лицей-мектебінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын насихаттау, онда көтерілген негізгі мәселелерді талдау, түсіндіруге арналған жиынға Ш.Уәлиханов атындағы КМУ ректоры М.Сырлыбаев баяндама жасап, сол оқу орнының жас ұстаздары, студенттері, «Халық банктің» жауапты қызметкері Г.Омарова өз пікірлерін ортаға салды. Жиынға Көкшетау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Сағындықов төрағалық етті.

КМУ ректоры М.Сырлыбаев Елбасының бұл жолғы Жолдауының халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмыс-тіршілігін жеңілдету мақсатындағы жалақы мөлшерін көтеру, тұрғын үймен қамтамасыз ету тапсырмаларын айта келіп, тікелей білім саласындағы жасалған қамқорлықтар, жүйелі жоспарлар жөнінде баяндады. Оқу, білім беру саласындағы жетістіктер, жаңа бағыттар жайына тоқталды. Өзі басқарып отырған Ш.Уәлиханов атындағы білім ордасының бүгінгі басты мақсаты ІТ бағытындағы оқытуды жетілдіре түсу және жаңадан ашылған медицина факультетінің оқыту сапасын түсірмей, күшейте түсу екендігін айтты.

– Біздің оқу орнында ашылған медицина факультеті жөнінде: «Білікті дәрігерлер даярлайтын мамандары жоқ, олар қалай мықты кадрлар даярламақ?» деген сияқты күмәнді пікірлер бар. Қаламызда, өңірде дәрігерлер жетіспейтіні айдан анық. Сондықтан, біз білікті мамандар дайындауды мықтап қолға алып отырмыз. Дәріс оқитын оқытушылар жеткілікті. Одан әрі нығайта түсеміз, – деді ректор. КМУ-дің жас ғалымы Г.Тілеубердина, студенттер оқу орны туралы әңгімелеп, мұғалімдер мен оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, жиында Халық Банктің жауапты қызметкері Г.Омарова Елбасы Жолдауындағы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын алға тартып, осы бағыттағы мемлекеттік бағдарлама-ларды жүзеге асыру, банк қызметін пайдалану турасында түсінік берді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий