Жоспарланған нысандарға – ерекше қарқын

Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаев құрылыс алаңдары мен жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Ағымдағы жылға жоспарланған құрылыс нысандарын уақытылы пайдалануға беруге, жұмыс сапасын арттыруға ерекше назар аударды. Санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінетін болды.

IMG_5414Алдымен қала әкімі революция күрескерлері паркін абаттандыру жұмыстарын барып көрді. Жобаға сәйкес, мұнда бұрынғы ағаштар аумағы кеңейтіліп, демалыс алаңын жасау қарастырылған. Учаске бастығы Медет Сариннің айтуынша, саябақтың орталық тұсына гүлзарлар жасалып, орындықтар, шам бағаналары орнатылады. Қала әкімі жұмыстың уақыты мен сапасына назар аударуды шегелеп тапсырды. Бұдан соң қала басшысы «Боровской» мөлтек ауданындағы алпыс көппәтерлiк арендалық-коммуналдық тұрғын үй құрылысында болды. Құрылысшылармен кездесiп, мәселенiң мән-жайына қанықты. Бұған дейінгі сапарларда бас мердiгер «Электросетьстрой» серiктестiгiне жүктелген тапсырмалардың қаншалықты орындалғанына көз жеткізді. Тұрғын үйде ішкі әрлеу жұмыстары аяқталып қалған. Қазіргі күні ғимарат маңы абаттандырылуда. Қала басшысы алдағы күндері жұмыс барысын тағы бiр бақылайтынын ескерттi, құрылысшыларға белсендi жұмыс жүргiзудi тапсырды.
Қала әкімі «Регион Строй» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң былтыр қолға алған 90 пәтерлiк 9 қабатты панельдi тұрғын үй құрылысы алаңында болды. Қазiр бұл нысанда әрлеу жұмыстары аяқталып қалған. Құрылыс жобасының құны 750 миллион теңгенi құрап отыр. Жобаға сәйкес көпқабатты тұрғын үйде 18 үш бөлмелi, 36 екi бөлмелi және осыншалықты бiр бөлмелi пәтерлер болады. Iшкi бөлмелердiң аумағы кең. Нысанды жақын арада пайдалануға беру көзделiп отыр. Атқарылып жатқан жұмыстарды өз көзiмен көрiп шыққан қала басшысы ғимараттың сапасын жоғары бағалады. Бұл күнi қала әкiмi Е.Маржықпаев Мая-
ковский көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Биылғы қыста ылғалдың көп түсуiнен қала көшелерiндегi асфальттардың көтерiлiп, ой-шұңқырдың көбеюi автокөлiк жүргiзушiлерiне қолайсыз-
дық тудыруда. Сондықтан қазiр көбiнесе осы ойлы шұңқыры көп жол қабатын тегiстеу жұмыстары жүргiзiлуде. Қала басшысы сала жетекшілеріне қаладағы көшелердi қайта қалпына келтiру жұмыстарының барынша сапалы жүргiзiлуiн және белгiленген мерзiмiнде аяқтауды тапсырды.

Әсем ЖҮНІС.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс