Жоспарлар жүзеге асып жатыр

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласындағы бірқатар нысандарда болып, онда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Алдымен өңірдің жас скаутшылары ІТ-мектеп-лицейінде жаңадан салынған воркаут алаңында спорттық жаттығуларын паш етті. Мектеп жанынан, сондай-ақ, «киіз үй лагері» құрылған. «Ұлы дала скауттары» қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы Ильдар Катеновтың айтуынша, жас скаут-
шыларды дайындау ата-аналардың белсенді қатысуымен мектептерде жүргізілуде. Бүгінде ІТ-мектеп-лицейі – дарынды балаларды тәрбиелейтін өңірдегі бірегей білім ордаларының бірі. Өңір басшысына ІТ-технология мен робототехниканың қарқынды дамып келе жатқанының белгісі ретінде қызықты жобалар паш етілді.
Бұдан соң өңір басшысы Көкшетау қаласының бірқатар нысандарын аралады. Алдымен Абай-Әуелбеков, Тәшенов-Пушкин көшелерінің бойында орналасқан үйлердің ішкі аулала-рының абаттандырылу барысымен танысты. Алдағы уақытта бұл жерде балалардың 6 ойын және бір спорттық алаңының құрылысы жүргізілмек. Өңір басшысы ауланы тез арада абаттандырып, ойын алаңдарының салынуына дайындық жұмыстарын бастауды тапсырды. Облыс әкімі қаланың тазалығына қатысты сын айтып, шаһардың коммуналдық қызметіне көңілі толмайтынын жеткізді.
Бұл күні облыс әкімі
Боровской мөлтек ауда-нындағы 55 «а» үйінің
ауласында болып, жағ-даймен танысты. Айта кетейік, бұған дейін тұрғындар әлеуметтік желі арқылы ауланы су басқа-нын айтып, шағымданған болатын. Қала сыртында бей-берекет шашылған қоқыс қалдықтары – қоғамдық проблема. Бүгінде рұқсат етілмеген екі бірдей қоқыс орнының бірі тазартылғанымен, қайта үйіндіге толған. Облыс басшысы қала сыртындағы тазалықты да қалыпқа келтіруді тапсырды. Бұл Зеренді тас жолы бойындағы қоқыс алаңына да қатысты айтылған сын. Осы бағыттағы олқылықтарды коммуналдық қызмет өкілдеріне маусымның 5-іне дейін жоюды тапсырды. Қаланың шеткі аумағындағы көше жолдары да басты назарда. Көп кешікпей, көліктің де, көлік жүргізушілердің де көздері ашылады. Өйткені, аз уақыт ара-лығында жаңа жолдар пайдалануға беріледі. Өңір басшысы Вавилов көшесінде Көкшетау-Зеренді автомобиль жолынан Жайлау мөлтек ауданына дейінгі жол учаскелеріндегі күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жұмыс ауқымдылығы жағынан ең үлкені осы көше болып отыр. Екі жылға арналған жоба бойынша былтыр тегістеу жұмыстары жүргізілсе, қазіргі күні көше жолдары асфальтталуда. Мердігер ұйым өкілдері жөндеу жұмыстары қазан айына дейін аяқталады деп сендірді. Келісімшарт сомасы – 458,150 млн теңге. 1853 метр қашықтықтағы аумақта жол жасайтын қуатты техникалар, ауыр жүк тасымалдайтын көліктер қарқынды жұмыс жүргізуде. Мамандар жаңа жолдардың сапасына да кепілдік беруде. Жолдың кей бөліктері кеңейтіліп, жиектері алмастырылды, бағдаршам, аялдамалар орнатылып, қажетті тұстарына суағарлар салынуда. Көшелер жарықтандырылып, жүргіншілер жолдары ретке келтірілуде. Жос-пар бойынша жаңарған жол бөлігі қыркүйекте тапсырылмақшы. Сондай-ақ, әкім Уәлиханов көшесі бойындағы орташа жөндеу жұмыстарын барып көрді. Жолдардың беткі қабатындағы ұсақ ақаулар бүтінделіп, олардың алды алынып жатыр. Орташа жөндеу жұмыстарында ескірген жерлер қалыпқа келтіріліп, жолдың беткі қабаты тегістелуде.
Қаланы аралау барысында өңір басшысы тутұғырдағы жөндеу жұмыстарымен танысты.
Тиісті қаражат тутұғыр маңындағы жерді тегіс-теу, баспалдақ орнату,
көгалдандыруға жұм-салады. Облыс әкімі сәулетшілердің кей идеяларын қолдаса, кейбіріне қатысты сын айтты. Жобаның барлық салалары бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Ол жөндеу жұмыстарының дұрыс ойластырылып, жақын күн-дері сапалы, ойдағыдай аяқталуы қажеттігін жеткізді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий