Жоспар қисынды болса, іс өнікті

        Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев кезекті еңбек демалысынан кейін мекемелер, бөлім басшыларының қатысуымен алғашқы жиналысын өткізді.

Қала әкімі алдымен жоспарлы жұмыстардың, қабылданған қаулылардың, бұған дейінгі тапсырмалардың орындалу барысымен танысып, пысықтады. Бөлінген қаражаттардың игерілуі тыңдалды. Барлық бөлім басшылары өз жұмыстары жөнінен хабарлама жасап, әкім сұрақтарына жауап берді. Оның ішінде жолдардың жөнделуі, спорт және балалар ойнайтын алаңдардың салынуы, мектептердің жөнделуі, жазғы лагерьлер жұмысы, рұқсатсыз қойылған гараждардың көшірілуі, жол жиектеріндегі жақтаулардың, ағаштар түбінің ақталуы, көше тазалығы сияқты мәселелер сөз болды. Мәжілісті қорытындылай келе, қала әкімі көшелер жөнделгенде су, жылу, канализация желілерін ауыстырудың жөндеу жұмыстары алдын ала бірге жоспарланып, бір-біріне бөгет болмайтын, қол байламайтын етіліп жүргізілу керектігін ескертті. Әр сала басшысы осыны жіті қадағалайтын болсын.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс