Журналистерге құрмет көрсетілді

Қылмысты ашу журна-листердің жұмысы емес. Бірақ, БАҚ-тың полицейлерге заңды сақтау үшін күресуде көмегі орасан. Ақпараттық агенттіктер, баспа басылымдары, телеарналар, бірқатар республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының меншікті тілшілері оқырмандар мен көрермендерге погон таққан жандардың қиын да күрделі жұмысы туралы айтады. Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында «Достар» мәдениет сарайына БАҚ өкілдері шақырылып, жергілікті тәртіп сақшылары құрмет көрсетті. Бұл күні ешкім де назардан тыс қалған жоқ. «Біздің ведомствоның оң имиджін қалыптастыру, тиімді жұмыс әрекеттерін халыққа жеткізуде сіздердің жемісті жұмыстарыңыз және полиция департаментімен өзара әріптестігіңіз үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер. Бұқаралық ақпарат құралдары қылмыстың алдын алу, Ақмола облысы тұрғындарының мәдениетін арттыру бағытында үлкен жұмыс атқарады», – деді өз сөзінде облыстық полиция департаментінің бастығы Берік Біләлов. Дәстүрлі БАҚ арасында өтетін байқау қорытындысы жарияланды. Жұмыстарға шығармашылық тұрғыдан қарап, ақпаратты қызықты беруде көзге түскен бірқатар журналистер алғыс хаттармен және сертификаттармен марапатталды. Оның ішінде қалалық «Көкшетау» және «Степной Маяк» газеттерінің қызметкерлері Аружан Сатыбалдинова, Валентина Отт, Гәкку Асылбекқызы да бар. «Біз журналистермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Олар күнделікті болып жатқан оқиғаларға қатысты комментарий алып, нақты ақпарат беруге тырысады. Соған байланысты полиция департаменті бастығының шешімімен Ақмола облысы полиция департаментінің жедел қызметін күн сайын жария-лайтын бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне құрмет көрсету туралы шешім қабылданды»,– дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук.
Қалалық «Степной маяк» газетінің шолушысы Аружан Сатыбалдинова: «Шын мәнінде біз белсенді ынтымақтастықта жұмыс істейміз, өйткені біздің міндетіміз бір, яғни азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және адамдардың сана-сезімдерін ояту. Әріптестерімізді мерекемен құттықтаймын, адамдарға адал және объективті ақпарат әкелуін тілеймін»,– дейді.
Журналистер жұмысын жоғары деңгейде бағалаған кезде бұл әрдайым мамандарды шабыттандырады, жігерлендіреді және өзінің кәсібилігін одан әрі дамытуға ынталандыратындығы атап өтілді. Құқық қорғау органдарының БАҚ-пен өзара іс-қимылының басты нәтижесі халықтың полиция қызметкерлеріне деген сенімін арттыру. Тәртіп сақшылары ақпарат саласының қыз-меткерлеріне арнап әдемі концерттік бағдарламасын ұсынды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий