Журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

БАҚ қызметкерлері күніне орай Ақмола облысында бірқатар журналистер аймақ басшысының Алғыс хатымен және сыйлығымен марапатталды. Бүгінгі таңда өңірде 88 масс-медиа, республикалық БАҚ-тың 20 меншікті тілшісі бар. Олар қоғам мен билік арасында диалогты дамытуда аянбай еңбек етуде. Журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтаған аймақ басшысы Ермек Маржықпаев олардың өңірде медиа кеңістікті дамытуға қосып отырған үлесін ерекше атап өтті. «Құрметті мамандық иелері Сіздердің таланттарыңыз бен шеберліктеріңіздің арқасында бұқаралық ақпарат құралдары тұрғындардың өміріне, қызық-қуаныштарына және қамқорлығына жақындай түсуде. Сіздердің жедел қимылдарыңыздың арқасында облыс тұрғындары қолға алынып жатқан мемлекеттік шаралар туралы қажетті және шынайы ақпарат ала алады. Сол үшін сіздерге бүгін рахмет айтқым келеді», – деп атап өтті аймақ басшысы. Бұдан бөлек, аймақ басшысының «Алтын қалам» сыйлығы үшін жыл сайын БАҚ өкілдері арасында өткізілетін облыстық байқаудың жеңімпаздары анықталып, марапатталды. Олардың қатарында «Көкшетау» және «Степной маяк» газеттерінің тілшілері Әсем Жүніс пен Наталья Яковлева да бар. Сонымен қатар, журналистика саласының ардагерлері де назардан тыс қалған жоқ. Оларға да естелік сыйлықтар мен гүл шоқтары тапсырылды.
Қала әкімі Амангелді Смайыловтың атынан аппарат жетекшісі Серік Құдабай байырғы басылым «Степной маяк» газетінің ұжымын 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, редакцияның материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға 5 млн теңгенің сертификатын, бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттар мен мақтау грамоталарын табыс етіп, шығармашылық шабыт тіледі.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий