Журналистермен жолығып, пікір алмасты

Өткен жұма күні Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, қала дамуы жайындағы өз ойын ортаға салып, қаламгерлер пікірлерін тыңдап, талқылады. «Дөңгелек үстел» басындағы мәжіліске «Көкше-Media» ЖШС директоры Ж.Сүлейменов, «Арқа ажары» газетінің бас редакторы Қ.Төреғожа, «Қазақстан» РТРК АҚ облыстық филиалының директоры Е.Атамбай, «Казахстанская правда» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Ш.Ташенов, «Бұқпа!» газетінің бас редакторы Б.Смағұл, «Хабар», «31 канал» телеарналары, әлеуметтік желілер мен портал тілшілері қатысты.

Бауыржан Сейітқалиұлы алдымен бүгінгі таңда қаланың дүйім жұртқа белгілі түйінді мәселелеріне тоқталды. Мәселен, көптен көтерілсе де әлі күн шешілмеген ауыз су мәселесі. Қала ішіндегі су келетін желілердің тозығы жеткендігі өз алдына, сырттан қалаға келер судың таза болып келуіне қол жеткізуіміз керек. Қазір сол жұмысқа инвестиция тарту мәселесімен айналысып жатырмыз. «Көкшетау қаласында сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта қалпына келтіру» деген жоба жүзеге асырылуы қажет.
Қала ішіндегі қоқыс салатын жәшіктер ернеуінен асып, төгіліп-шашылуы тыйылмай келеді. Мұны реттеудің бір жолы «Бірлік» шағын ауданындағы сияқты қалдықты қапқа салып, оларды аптасына екі рет шығарып отыру. Алда осы-ған қол жеткізгеніміз жөн.
Е.Әуелбеков, Б.Момыш-ұлы көшелері қиылысына ойын алаңы салынып, кейін ол жердің иесі бар болып шығуы сияқты, тіпті басқа да қандай даулы мәселелер болмасын, тек қана заң жолымен шешілмек. Жалпы, бизнестің дамуына әрқашан қолдау көрсетілмек. Ресей мен Қазақстан басшылары қатысуымен өтуге тиіс форум кейінге қалдырылғаны белгілі. Алда сол форум өтеді деп күтілуде. Уақыты белгісіз.
Журналистер «Сары-арқа» шағын ауданындағы тұрғын үйлердің сапасыз салынуы, биылғы қыста кейбір көпқабатты үйлерге жылудың жеткіліксіз берілуі, ағаштардың уақытылы отырғызылмауы, газгольдерлердің толық жұмыс жасамауы, қар
тазалануының сылбыр-лығы, тағы басқа сауалдар қойып, өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын да жеткізді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий