Журналистер арасында Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығына арналған байқау жарияланды

 

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі мен Қытай Халық Республикасының Елшілігі «Бір белдеу, бір жол» бастамасы жəне «Нұрлы жол» бағдарламасы. Өзара тиімді өсім мен өркендеу траекториясы» тақырыбында байқау жариялайды. Конкурс «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 5 жылдығына арналған.

Конкурстың мақсаты – Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан əрі кеңейту.

Конкурсқа бұдан бұрын жарияланбаған Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың тарихы мен стратегиялық басымдықтарына, XXI ғасырдағы Ұлы Жібек жолының жаңғыруына, қазіргі əлемдегі Қазақстан мен Қытайдың гуманитарлық миссиясына арналған сараптамалық материалдар қабылданады. Конкурсқа Қазақстанның барлық азаматтары қатыса алады.

Үздік материалдарды қабылдау жəне жариялау жұмыстары 2018 жылдың 23 мамырынан 31 шілдесіне дейін «ҚазАқпарат» ХАА сайтында жүргізіледі.

1-10 тамыз аралығында конкурстың нəтижелері жарияланады. Кейін жеңімпаздар анықталады. Түрлі номинациялар бойынша 19 жеңімпаз марапатталады.

Конкурсқа түрлі жанрлардағы көлемі 10 мың белгіден аспайтын материалдар қабылданады. Конкурсқа ұсынылатын материалдар рецензияланбайды жəне қайтарылмайды. Қазақ жəне орыс тілдеріндегі материалдар мына мекен-жай бойынша қабылданады: 010000, Астана қаласы, Мəңгілік ел даңғылы, 8, «Алтын орда» БО, «ҚазАқпарат» ХАА редакциясы («конкурсқа» деген ескертпемен) немесе inform2018konkurs@gmail.com электрондық поштасы.

Қосымша ақпараттарды мына телефондарға хабарласып, біле аласыздар 8 (717 2) 95 40 68, 95 40 45.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий