Жылдың қорытындылары талқыланды

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен 24 қаңтарда аппарат мәжілісі өткізіліп, онда облыс орталығының 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланды. Бұл мәселелер бойынша Көкшетау қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекшісі Гүлмира Шұқатова, қаржы бөлімінің басшысы Гүлнар Құсайынова, аппарат жетекшісі Ермек Тұшанов хабарлама жасады.
Дағдарыс әкелген кедергілер, бөгет болған белестерге қарамастан ортақ іске жұмыла кіріскен қаламыз өткен жылды көптен болмаған жетістікпен аяқтады. Барлық негізгі көрсеткіштер істің оңға басқанын көрсетіп тұр. Ақпар есебінде еселі үлесі бар «Камаз-Инжиниринг», «Көкшетау минералды сулары», «Новопэк», «Енки», «Көкшетау-нан заводы», «Тыныс» сияқты кәсіпорындар еңбек өнімділігін арттырды. Мұның бәрі тынымсыз еңбек, қадағалау, ұйымдастыру, ұмтылыс ізденістердің жемісі. Қала әкімдігі аппаратының жетекшісі Е.Тұшанов облыс, қала әкімі тапсырмаларына сәйкес қабылданған қаулылардың орындалуы жөнінде әңгіме өрбітті. Қол қойылған келісім-шарттардың жүзеге асу барысы жөнінде баяндады. Жиынды қорытындылаған қала әкімі Ермек Маржықпаев кейбір сала басшыларының берген тапсырмаларды орындаудағы сылбырлықтарын сынға алды. Мемлекеттік сатып алудың жүйесіне ұсыныс жасап, тауар алуда қырағылық, мұқияттылық танытқан жөн. Мәжіліс соңында қала әкімі Ермек Маржықпаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Рашит Гайнулинді мерекелік медальмен марапаттады, қала әкімдігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Ерназаровқа «Үздік мемлекеттік қызметкер» төсбелгісін, кәсіпкерлік бөлімнің бас маманы Ақбар Хасейіновке «Нұр Отан» партиясына қабылданғаны жөнінде билетті табыс етті.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс