Жылу беруде кедергі жоқ

Күннің күрт суытуына байланысты Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевтың тапсырмасымен мониторингтік топ тұрғындардың өтініші бойынша пәтерлердегі жылу температурасын тексерді.

Комиссия құрамында жылу инспекциясы, «Көкшетау Жылу» жедел қызметінің өкілдері, қалалық мәслихаттың депутаттары М.Елубаев пен Т.Ысқақов, «Наше право» қоғамдық қорының төрағасы В.Шуль болды. Тексеру тұрғындар өтініші бойынша облыс орталығының әр бөлігін: Васильков мөлтек ауданы, «Жансая» тұрғын үй кешені, Куйбышев көшесі, 44, Юбилейный, «Боровской» мөлтек аудандарын қамтыды. Арнайы құрылғы пәтерлердегі жылу температурасы 17 градустан төмендемегенін көрсетті. Кейбір тұрғындар шойын батареяларды ауыстыру кезінде орнатылу стандартын ескермей, диаметрін кішірейтіп жіберген. Айталық, «Васильковка», 1 мекен-жайындағы үйдің бірінші қабатында «Қазпошта» офисінде жылу жүйелері ауыстырылғаннан кейін жоғары қабаттар-дағы жылу температурасы күрт төмендеген. Ал, «Жансая» тұрғын үй кешеніндегі «Ақылды үй» жүйесінің бір артықшылығы, әр пәтер иесі жылу мөлшерін өздері бақылап отырады. Алайда, осы үйдің кей пәтерлерінің есік-терезелері қымталмағандықтан, жылудың көп мөлшері далаға кетіп жатыр. Бірақ үй иелері әлеуметтік желіде шағым түсіріп, жылу берушілерді кінәлаған.

Дегенмен тағы бір мәрте ескере кетер жайт – жекелеген пәтерлердегі құбырларды ретке келтіріп, үйдің ішіндегі жылу жүйесін қалыпты жағдайда ұстау ПИК немесе өзін-өзі басқару ұйымдары органдарының тікелей міндеті саналады. Жылу мәселесі тұтас бір механизм іспетті болғандықтан қазандық пен тұтынушыға дейінгі аралықтағы жүйеге қандайда бір тосын ықпалдар болса, ол міндетті түрде жылу желісінің келесі бір нүктесіне әсер етпей қоймайды. Жылу тасымалдану кезеңінде жоғалатындығын ескертсек, оған үйішілік желілердің жағдайы, ескі үйлердегі жылудың жоқтығы, су толған жертөлелер де әсер етеді. Бұл ретте басты мәселе жылуды беруде емес, қабылдауда болып тұр. Жекелеген пәтерлердегі құбырларды ретке келтіріп, үйдің ішіндегі жылу жүйесін қалыпты жағдайда ұстау ПИК немесе өзін-өзі басқару ұйымдары органдарының тікелей міндеті саналады. Бүгінде қаладағы жылу желілерінің 70 пайызының ескіргеніне қарамастан, РК-2 жылу қазандығы толық қуатында жұмыс істеп тұр. Күннің күрт суытуына байланысты мәселе туындаған жоқ. Бүгінде облыс орталығындағы үйлерде температура қалыпты. Апатты жағдайлар орын алған жоқ. Аязды күндері арнайы бригада жылу трассаларының 10 учаскесі мен 60 су колонкаларын қалыпқа келтірді.

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий