Жылу жүйесінен ажыратылды

Қала әкімі Ермек Маржықпаевтың тапсырмасы бо-йынша «Көкшетау Жылу» мекемесі облыс орталығындағы бірқатар борышкерлерге жылу беруді тоқтатты.

Олардың қатарына қарызы 50 мың теңге және берешегі одан жоғары тұлғалар жатады. Жылу жүйесінен ажыратпас бұрын, борышкерлерге ескерту жасалған. Алайда, төлем жасауға асықпай, не құлықсыз танытқандар көктемнің қара суығында бүрсең қағуға мәжбүр. Қарызымен қоса, қосымша төлем жасауға да міндеттеледі. «Көкшетау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Самат Сматаевтың айтуынша, тұтынушылардың жылуға қарызы биылғы жылдың наурызында  361,8 млн. теңгені құрап отыр. Оның  268,2 млн. теңгесі – жеке,  93,5 – заңды тұлғаларға тиесілі. Борышкерлерге қатысты 966 сот шешімі шығарылған. Олардың жалпы қарызы 91 миллион теңгеге жеткен. Тарифтердің төмен болуы мен   борышкерлердің қарызы салдарынан жылу беру мекемесінің көмір мен мазутқа қарызы өскен. «Көкшетау Жылу» мекемесінің заң бөлімінің өкілдері сот орындаушылармен күн сайын борышкерлердің пәтерін аралайды. Мысалы, Көкшетау қаласында осы кезге дейін қарыз 1,8 миллион теңгеге жеткен 21 абонент жылусыз қалды. Жылудан ажыратумен қатар мамандар борышкердің мүлкін тәркілеуге құқылы. Бұл жолы Жамбыл көшесіндегі 134 «б» мекенжайдағы жатақхананың бірнеше бөлмелеріне жылу беру тоқтатылды. Оның бірінің иесі үш маусым бойы төлем жасамаған. Мерзімін ұзарту туралы өтініш пен дау-дамай да еш нәтиже берген жоқ. Тұрғындарға дегенмен өз жауапкершілігін сезінген абзал. Бұл ең алдымен өз отбасыңа жасалған қиянатпен тең дейді мекеме мамандары. Ал, олардың қарызын мемлекет өтемейтіні де белгілі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс