Жылу құбырлары түнде ауыстырылып, монтаждалды

«Көкшетау-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынның жұмысшылары Әуезов пен Темірбеков көшелерінің қиылысындағы жылу құбырын түн қараңғысында ауыстыруды ұйғарды. Бұл орайда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жерге қала әкімі Ермек Маржықпаевтың өзі келіп түсініктеме береді.

Қала басшысының тапсырмасы бойынша аталған нысандағы жұмыс тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жедел режимде атқарылды. Сол себепті аталған көшелер жұма күні кешкілік жабылып, жексенбі күнгі түске дейін қажетті монтаж жұмыстары толығымен аяқталды. Құрамында 16 адамы бар екі бригада тәулік бойы тынымсыз жұмыс істеп, 12 бірлік техникасы іске жұмылдырылды. Кәсіпорын жетекшісі Сергей Жуковтың айтуына қарағанда бұл жұмыс облыс орталығында өткен жылы басталған «Нұрлы жол» жобасы аясында жүргізілді. Бұл жоба бойынша өткен жылы М.Горький көшесі бойында жаңа мешіттің жанындағы жылу жүйелері қайта төселген болатын. Биылғы жылы бұл жұмыс Темірбеков көшесінің бойымен Қопа көліне қарай жалғасты. Ондағы мақсат – көлдің жағалауында салынуға тиісті нысандарға жылу тарту еді. Сондай-ақ, осы құбыры арқылы «Жайлау» мөлтек аудандарының бірқатар үйлері және облыстық аурухана да жылумен қамтамасыз етілмек. Монтаждау барысында 1,7 километр құбыр салынды. Атқарылған жұмыс өте маңызды әрі күрделі. Олай дейтініміз ескірген құбырлар жаңасымен қолма-қол ауыстырылып, монтаждалды. Ендігі міндет Гагарин және Горький көшелеріндегі құбырларды бір-бірімен түйістіріп қосу керек. Жөндеушілердің осындай шапшаң іс-қимыл танытуының арқасында жоспарланған жұмыс мерзімінде атқарылып, көшелер бойындағы автокөліктердің қозғалысы қалпына келтірілді. Таяу арада екі көшенің қиылысы абаттандырылып, гүлдер отырғызылмақ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс