Жыл қорытындысы сараланды

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев қалалық мекемелер мен бөлім басшылары қатысқан жиында өткен 2017 жылдың қорытындысын ортаға салып, барлық негізгі көрсеткіштерді сараптап, үстіміздегі жылы бүгінгіден де жоғары табыстарға қол жеткізу мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.

 

          Өткен жыл ойдағыдай қорытындыланды. Дегенмен, аталған көрсеткіштерді бұдан да жақсарта түсуге болатын еді. Тіпті, кейбір атқарылған шаруалардың өзі енжарлық салдарынан есепке енбей қалған жағдайлар да кезікті. Жалпы, жылды жақсы қорытындылаудың бұлжымас бір қағидасы – жоспарлы жұмыстарды жыл басынан бастап уақытымен орындау. Кемшілік нақ осы жыл басынан басталады. «Әлі алда уақыт көп» деп қолдан келер шаруаларды еш негізсіз кейінге сырғыта беру өкінішке соқтырады. Сондай ықтиятсыздық салдарынан дер кезінде жобалық-сметалық құжаттар, есеп-қисаптар жасалмай, жиналып қалып, қолбайлау болады. Керек мәселелерге ұсыныстар да кешіктірілмей түсірілуі тиіс. Ал, алдын ала, уақытымен, асықпай дайындалған құжаттар әрі қатесіз, әрі аяққа тұсау болмайды. Асығыс жасалған дүниелерден қате шығып, қайта жасау да кезігіп жүр. Бөлінген қаржыны игеруде мұның үлкен әсері бар.

Қала басшысы қаржы бөлімінің басшысы Гүлнар Құсайынова, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекшісі Гүлмира Тұқатовалардың сараптамалық пікірлерін тыңдап, бірқатар сұрақтар қойып, мәселелерді нақтылады.

Жиынның екінші бөлімінде Е.Маржықпаев қаланың күні бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқталды. Жолдың қарын тазалау, жаяу жүргіншілер жолдарын мұздан арылту, сырғанақтарды қауіпсіздендіру, қараңғы көшелерді жарықтандыру үнемі назарда болуы тиіс. Көше қиылыстарындағы суағарлардың бітелмеуін осы бастан қадағалау керек. Жергілікті полиция белгіленбеген жерлерге қоқыс төгушілермен әңгіме жүргізіп, құлақ аспағандарға айыппұл салсын. Жауапты адамдар бұралқы иттерді аулауды жалғастырсын. Қысқы серуенге шығушылар, шаңғышылар жолдары да назардан тыс қалмасын, ауа райы болжамы ескеріліп отырылсын. Көшедегі көрнекі үгіт, басқа да көрік берер мүсін, өрнектерді талаптағы қалпында сақтау ескерілсін. Көрнекі үгіт күн тәртібіне жауап беріп, жаңғыртылып, жаңарып отырсын. Қаланы таза, қауіпсіз, күтімді қалпында ұстауға бар күш жұмсалсын. Қала басшысы Е.Маржықпаев осындай мәселелерді алға тартты.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий