Жыл қорытындысы сарапталды

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев қаланың 2018 жылды қорытындылауын сараптауға арналған аппарат мәжілісін өткізді. Онда қалалық экономика және бюджетті жос-парлау бөлімінің жетекшісі Гүлмира Шұқатова, қаржы бөлімінің жетекшісі Гүлнар Құсайыновалардың хабарламалары тыңдалды.
Жалпы, қаланың барлық негізгі көрсеткіштер бойынша жылды жақсы қорытындылағаны белгілі. Ол туралы дәл осы күндері өтіп жатқан қала әкімінің тұрғындар алдындағы есептері кезінде де айтылып жүр. Дегенмен, әр ақпар, әр санның артында талқылауға тұрарлық деректер, ол ақпарды одан да жақсарта түсуге боларлық іс-әрекеттер тұр. Мысалы, қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мекемесінің бөлінген қаржыны игеруі 99,8 пайыз, құрылыс бөлімі 98,7 па-йыз, Красный Яр әкімшілік аппараты 99,9 пайыз болып тұр. Сәл ғана белсендірек қимылдағанда, істі ширата түскенде жүз пайыз көрсеткішке қол жеткізуге болар еді. Қала басшысы Е.Маржықпаев әрбір мекеме жетекшісін атқарып отырған жұмыстарына мұқият қарап, екпінді жұмыс жасауға шақырды. Алда тұрған жоспарлы жұмыс сапалы игеріліп, бөлінген қаражат дер кезінде, уақытымен игерілуі керектігін ескертті.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий