Жігіттің өміріне араша түсті

Көкшетау қаласында 20 жастағы жігіт 6 қабатты тұрғын үйдің шатырынан секірмек болды.
Тәртіп сақшыларының мәліметі бойынша, 2019 жылғы наурыздың 24-де таңғы сағат 09:16 Ақмола облысының полиция департаменті жедел басқару орталығының «102» нөміріне Көкшетау қаласының тұрғыны хабарласып, 8 Март көшесі 113 мекенжайы бойынша орналасқан 6 қабатты тұрғын үйдің төбесінде 20 жасар жігіттің жүргенін айтқан.
Әйелдің айтуынша, жігіт телефон арқылы біреумен қатты сөйлесіп, өзіне-өзі қол жұмсайтынын айтқан. Жедел басқару орталығының қызметкерлері ақпаратты шұғыл жергілікті полиция қызметіне жолдады. Оқиға орнына дереу «Әскер-30» автопатруль қызметінің қызметкерлері, аға сержант Нұрсұлтан Кенжебеков, аға сержант Абылай Әбілов және капитан Абзал Исин жетті.
«Тұрғын үйдің шатыры еңкіш болғандықтан, жүру қиын болды. Тіпті, жас жігіт те, полиция қызметкерлері де абай болмаса, құлап кетуі мүмкін еді. Шатырға шыққанда қандай күйде болдың дегенде аға сержант Нұрсұлтан Кенжебеков «қайғылы оқиғаның жолын кесуге үлгермей қаламын деп қорықтым» деп жауап берді. Оның айтуынша, сәл кешіккенде немесе абай болмағанда, оқиға қайғылы аяқталуы мүмкін еді.
Полиция қызметкерлерінің ширақ қимылының арқасында жігіт құтқарылды. Бұл жерде полиция қызметкерлері өмірін қауіпке тігу арқылы бұл жалғанмен қоштаспақ болған жігіт аман қалды.
Суицид жасамақ болған жас жігітпен психологтар жұмыс жүргізіп жатыр.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий