Жүзеге асқан жобалар

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының  кезекті XXIХ  есептік-сайлау конференциясы өтті.

Отырысты ашқан облыстық партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Мәлік Мырзалин бүгінде партия тарапынан Елбасы тапсырмаларын іске асыру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанына тоқталды. Атап айтқанда, партияның идеологиялық күн тәртібінің белсенділігі нығаюда. «Ағымдағы жылды қорытындылайтын кез келгенде біз есептік кезеңде облыстық партия филиалының жұмысы жоғары деңгейден көріне білді деп айта аламыз. Бұл облыстық әлеуметтік экономикалық жағдайының өсуімен айқындалып отыр», – деді өңір басшысы.

Конференция жұмысына қатысқан «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов бірқатар көрсеткіштер бойынша облыстық партия ұйымы алдыңғы қатарда екендігін айта кетіп, оң бағасын берді.

Партия активінің жергілікті атқарушы билік өкілдерімен жүйелі, белсенді жұмыс істеуінің нәтижесінде облыста индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламалары, «Жұмыспен қамтудың жол картасы- 2020», «Бизнестің жол картасы-2020», «Агробизнес», «Денсаулық», «Білім беру» сонымен қатар «Нұрлы жер» бағдарламасына интеграцияланған «Нұрлы жол» бағдарламасы қарқынды түрде жүзеге асырылып келеді.

Елбасы ел экономикасының драйвері  ретінде  агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды тапсырған болатын. Аталмыш сала облыс тұрғындарының 30%-ын жұмыспен қамтып отыр. Биылғы жылы агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға 30 млрд 400 млн теңге субсидия бөлінді. 1906 шаруашылық мемлекеттік қолдауға ие болды.  Ақмола облысы ауа райының қолайсыздығына қарамастан астық жинау науқанын табысты аяқтады. 4,3 млн гектар жерден 5,5 млн тонна астық жиналып, орташа өнімділік гектарынан 13 центнерді құрады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Астана қаласы азық-түлік белдеуін дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында ағымдағы жылдың
9 айында тамақ өнімдерін өндіруде өткен жылмен салыстырғанда 111% өсім байқалады.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 16,5 млрд теңге 600 жоба субсидияланған болса, инфрақұрылымды дамытуға 12 млрд теңге бөлініп, 15 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Биылғы жылы 394 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, тағы да 18 үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Олардың 14-і жалдамалы тұрғын үй болса, 4 несиеге берілмекші.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасындағы» бірінші бастама «7-20-25» бағдарламасы бойынша  облыс республика бойынша үздік бестікке еніп отыр. 175 берілген өтініштің 139-ы оң шешімін тауып, 1,2 млрд теңгеге қаржыландырылған. «Жалпы,  2018 жылдың аяқталуына аз уақыт қалды, сондықтан жылды жақсы көрсеткіштермен қорытындылауға бар күш-жігерімізді саламыз», – деді өңір басшысы Мәлік Кеңесбайұлы.

Соңғы екі жылда облыс көлемінде 39 мектепке дейінгі білім беру ұйымы, бес жаңа мектеп салынып, бір мектепке қосымша ғимарат ашылған. Алайда, облыс бойынша Бурабай, Целиноград және Көкшетау қаласында  11 мектеп үш ауысымда білім беріп жатыр. Бұл мәселені шешу мақсатында Көкшетау қаласында биылғы жылы 900 орындық ІТ лицейі ашылып, №18 мектеп-гимназиясына қосымша ғимарат салынған. 2019 жылы оқу-тәрбиелік корпусы пайдалануға берілмекші.

«Нұр Отан» партиясы сайлауалды бағдарламасындағы денсаулық бағыты бойынша негізгі көрсеткіштерді орындау бойынша оң өзгерістер бар. 2018 жылдың қорытынды есебі бойынша облыс тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 71 жасты құрады. Балалар өлімі 17,1 пайызға төмендеп, туу көрсеткіші 2,5 пайызға өскен.

Партиялық жобалардың жүзеге асырылуын айта келе, облыс әкімі «Балаларға арналған  тегін ІТ сыныптары» партиялық жобасына ерекше тоқталды. Бүгінгі таңда аталмыш партия жобасы аясында Ақмола облысының  37-і мектебінде 62 ІТ сыныбы ашылып, 900 бала бағдарламалау және робототехника негіздерін үйренуде. ІТ сыныптардың ашылуы мен ұстаздар жалақысы демеушілік қаражаттан қарастырылған.

Облыстық партия филиалының негізгі басым бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күресу болып қала бермек. 2018 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық саны 13%-ға төмендеген.

Халыққа нақты көмек көрсету әрі тұрғындармен кері байланысты тиімді орнату механизмі партияның қоғамдық қабылдаулары болып қала бермек. 2018 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша партияның қоғамдық қабылдауларына 4212 өтініш келіп түссе, оның 54 пайызы оң шешімін тапқан. Қоғамдық қабылауға келіп түскен өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту және еңбек даулары, жер учаскелерін алу тақырыптары болып отыр.

Есептік-сайлау компаниясы аясында облыстағы  20 аумақтық филиалда өткен  конференциялар 379 бастауыш партия ұйымының жиналыстары  партиялықтардың сапалы және сандық өсуін, бастауыш партия ұйымдары жұмысының жандануын көрсетті. Конференция жұмысында баяндама жасаған партия белсенділері, бастауыш партия ұйымының төрағалары  түрлі бағыттағы партия жұмысына қорытынды жасап, облыстық партия ұйымының жұмысын оң бағалады.

Делегаттар партияның Ақмола облыстық филиалы бақылау-тексеру комиссиясының төрайымы Галина Марченкованың есебін тыңдады. «Мен әріптестеріммен толық келісе отыра, соңғы екі жылдағы облыстық филиалдың жұмысына оң бағамды беріп, маңызды саяси іс-шараларды жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізген партияластарға ризашылығымды білдіремін», – деді партия хатшысы Фархат Қуанғанов.

Конференция барысында БПҰ төрағаларының есептері тыңдалып, партия филиалы Саяси кеңесінің құрамы бекітілді. Саяси кеңестің алғашқы отырысы өткізілді.  Іс-шара соңында өңір басшысы белсенді қызметі мен ерен еңбегі үшін бірқатар аумақтық партия филиалдары мен үздік БПҰ алғыс хаттармен марапаттап, жұмыстарына табыс тіледі.

«Көкше-ақпарат».

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий