Жүйелі жұмыс жемісін береді

 

 Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Sara» қоғамдық қоры Көкшетау қалалық әкімдігімен бірлесіп үкіметтік емес ұйымдар жетекшілерімен жаңа салық кодексі, үкіметтік емес ұйымдар республикалық мәліметтер базасына құжаттар пакетін ұсыну мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.

Семинар барысында қатысу-шыларға ҚР заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндіріліп, қоғамдық ұйым жетекшілерінің жауапкершілігін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында кеңестер берілді. Облыстық ішкі саясат басқармасының жетекшісі қызметін уақытша атқарушы Архат Айбабин облыста 600-ге жуық үкіметтік емес ұйымдар тіркелгенімен, олардың бәрі жүйелі жұмыс істеп отырмағандығын жеткізді. – Бұл құрылымды мемлекеттен бөліп қарауға болмайды. Оның да бүкіл қызметі мемлекеттік, халықтық мүдделермен қабысып жатады. Мемлекет пен тұрғындардың арасын жалғайтын көпір үкіметтік емес ұйымдар болуға тиіс. Кез келгеннің қолынан келетін бұл оңай шаруа емес. Өз ісіне берілген, құлшынысы күшті, талмай ізденгіш адам ғана бұл жұмысты нәтижелі жүргізе алады, – деді ол өз сөзінде. Ақмола облыстық әділет департаменті жетекшісінің орынбасары Гүлмира Әкімова «Үкіметтік емес ұйымдарды тіркеу мен қайта тіркеудің кейбір мәселелері», Ақмола облысының мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Әлия Утекина «Үкіметтік емес ұйымдарды тіркеу мен тарату мәселелері», «Sara» қоғамдық қорының төрайымы Сара Баймағанбетова «Өкілетті орган – Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ақпараттар базасына ҮЕҰ мәліметтерін ұсыну» тақырыптары бойынша баяндама жасады.

Қатысушылар семинардан үкіметтік емес ұйымдар үшін пайдалы кеңестер алғандарын, тәжірибе жинақтап, жұмыстың бағыт-бағдарын айқындауда осындай басқосулардың игі ықпалы мол екендігін жеткізді.

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий