Жүрек кеселінің алдын алады

№2 Ақмола облыстық ауруханасында жүректің ишемиялық ауруына алғаш рет диагностика жасалды. Алдағы уақытта Астана маңындағы 300 мыңға жуық халық қоныстанған 8 ауданға медициналық тексеруден өту қолжетімді болмақ.
Коронарография – жүрек тамырларын зерттейтін әдістердің ең тиімдісі болып саналады. Диагностика мамандандырылған операциялық бөлмеде рентген сәулелерінің бақылауымен жасалады. «Ота жасаудың қарсаңында кешкілік тамақ пен сұйықтан бас тарту керек. Зерттеу жергілікті жансыздандыру арқылы жүргізіледі. Хирург дәрігер кәріжілік немесе сандық артерияны тесіп, сол арқылы жүрекке жіңішке катетер жібереді. Катетер арқылы жүректің тамырларын толтыратын контрастық заттек кіргізіледі. Рентгенде қан және оның тамырлардағы қозғалысы көрінбейді, ал рентгенконтрасты ерітінді қанмен араласып тек қана оны көрсетпей бүкіл коронарлық тамырдың ішкі пішінін көрсетеді, бұл дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік береді», – дейді аурухананың бас дəрігері Рүстем Əлбаев.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий