Жұмыспен қамтудың жолы көп

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыруды бақылау бойынша Қоғамдық кеңестің төрағасы, Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов және «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен Көкшетау қаласында болып, халықты жұмыспен қамту орталығының қызметімен танысты.

Қазірдің өзінде орталықта жұмыс қызу. Жұмыссыз жүрген тұрғындардың басым бөлігі басқа мамандыққа қайта оқытатын бағдарламаға, өз кәсібін ашуға оқытатын жобаға қатысуға ниетті. Себебі, мемлекеттің қолдауымен аймақта жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізген адамдар жеткілікті.
Астанадан арнайы келген меймандар Ақмола облыстық партия филиалында партия активінің, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асуына жауапты жергілікті әкімдік басшыларының, «Атамекен» ҰКП, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдерінің қатысуымен алқалы жиын өткізді. Жиында облыстағы Елбасы бастамасының төртінші бағытының жүзеге асу барысы кеңінен айтылды. Барлық бяндамашыларды тыңдап шыққан «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Тамара Дүйсенова ел бойынша Президенттің «Шағын несие беруді көбейту» бастамасы белгіленген межеден кешігіп, жүзеге асып жатқанын алдыға тартты. Осы орайда партия Хатшысы жауапты мемлекеттік органдарға және облыстық басқармаларға бұл олқылықтарды жақын арада жоюға кеңес берді. «Президенттің бес әлеуметтік» бастамасын іске асыруды бақылау бойынша Қоғамдық кеңестің төрағасы, Парламент Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов жиналған қауымға Елбасы бастамасы аясында бизнесті дамытуға бюджеттен тек Ақмола өңіріне қосымша 1,4 млрд теңге бөлініп, осылайша облысқа 2017 жылмен салыстырғанда шағын несиелендіруге екі есе көп, яғни 4 миллиард теңге бөлінгенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, Бақытжан Тұрсынұлы аймақ тұрғындарымен өткен кездесулерде халықты толғандырған мәселелерге де тоқталып өтті. Қоғамдық кеңес төрағасының айтуынша, жұрт әлі «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» жайында толық ақпараттандырылмаған және өз кәсібін ашу үшін бөлінетін несиені бұрын шағын несиелендіру бағдарламасына қатысып, өз кәсібін аяғына тұрғызған адамдар қатыса алмайтынын айтты. Жергілікті билік өкілдеріне жұмыс сапары барысында тұрғындардың көтерген мәселелерін шешу бойынша «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыруды бақылау бойынша Қоғамдық кеңестің өңірлік бөлімдеріне ұсыныс беруге шақырды. – Қарапайым халықтың өз кәсібін ашуға нақты мүмкіндіктер болуы керек. Кәсіпкерліктің кеңістігін кеңейтуіміз үшін барлық жағдайларды қарастыруымыз қажет. Барлық деңгейдегі әкімдер «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» жүзеге асыру үшін ой-өрістерін өзгерту қажет. Бұл істердің барлығы халықтың жағдайын, өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған, – деп мәлімдеді Бақытжан Жұмағұлов.

Ә.ҚҰЛЖАНОВА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий