Жұмыссыздықпен күрес

Бүгінгі таңда «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары аясында облыс бо-йынша 19 құрылыс жасағы жұмыс істейді. Солардың ішінде 930 жас буын жұмысқа орналасты. Сондай-ақ, осы бағдарлама шеңберінде Ақмола облысы бойынша 1800 онлайн кеңес берілді. NEET санатындағы жастар саны облыс бойынша 2 686 адамды құрап, оның 575 жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, 195 ТжКБ, 65 ЖОО студенттері болса, 94 ОМ жоғары сынып оқушылары осы еңбек жасақтарында жұмыс істейді. Облыстық жастар-ресурстық орталығының жұмысқа орналастыру жөніндегі маманы Мақпал Жанарысова өз сөзінде: «Жұмысқа орналасқан жастардың ішінен тек ТжКБ оқушылары мен ЖОО студенттері ғана емес, жұмыссыз жастар да бар. Біз, жастар ресурстық орталығы, Ақмола облысының студенттері мен жастарына құрылыс жасақтарына жұмысқа орналасу бойынша тұрақты түрде көмек көрсететін боламыз», – деп тоқталып кеткен еді.
Қазіргі уақытта Ақмола облысы бо-йынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысушылар 141 ұйымда жұмыс істейді. Солардың ішінде, «Хлебстрой» ЖШС жүзеге асыратын №8 ОМ жөндеу жұмыстарында, ал Көктем ш.а. жол учаскесін жөндеуде – «Көкшетау жолдары» ЖШС өз қызметтерін жалғастыруда. Өңірімізде уақыттың қиын кезеңіне қарамастан, барлық аудандар мен қалаларда аталмыш бағдарлама жүзеге асуда. Сонымен қатар, жұмыссыздық деңгейін төмендету, жастарды неғұрлым тиімді және жедел жұмысқа орналастыру, сондай-ақ, кадрларды іріктеуде жұмыс берушілерге көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және кеңейту үшін жастарға арнап бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізіп келеді. Алдағы уақытта әлемдік пандемияға байланысты онлайн түрде жәрмеңкелер өткізу жоспарлануда. Бұл дегеніміз жастар арасындағы жұмыссыздықпен күресуге толықтай атсалысудың дәлелі.

Жеңіс БАЛАБЕКОВ,
облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий