Жұмысты ширата түсейік

Шаһар басшысы Ермек Маржықпаев мемлекеттік құрылым, коммуналдық сала мен құқық қорғау қызметінің жетекшілерімен кеңейтілген мәжіліс өткізді. Басты мәселе – бөлінген қаржыны тиімді игеру, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен қоғамдық-саяси ахуалға назар аудару. Әріптестерін жаңа жылда жаңа күшпен жұмыла жұмыс істеуге шақырған қала әкімі биылғы жылды жақсы қорытындыладық деді. Әсіресе, тәртіп сақшылары мен коммуналдық сала мамандарына күшейтілген режимде жұмыс істеу тапсырылды. Көкшетаулықтар Жаңа жылды жақсы көңіл күймен қарсы алу үшін еш нәрсе де кедергі болмауы тиіс. Сондықтан әр сала мамандары өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарасын деп сөзін қорытындылады шаһар басшысы.

Өз тілшіміз.

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий