Жұмысқа ұлттық киіммен келе бастады

Наурыз мерекесі қарсаңында Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қыз-меткерлері ақмолалық-тарды ұлттық киіммен жұмысқа келуге шақырып, ерекше челлендж бастап кетті. Челлендж өңірде наурыздың 22-не дейін жалғасады. «Ұлттық киімді көпшілікке насихаттау, жастарды барлық салт-дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу үшін біз бұл челленджді жарияладық. Енді күн сайын әдемі қазақ қамзолдарында жұмысқа барамыз. Отбасындағы әр адамның осындай киімі бар – ол әжесінен немесе атасынан алған», – деп атап өтті Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова. Ұйымдастырушылар жұмыста ұлттық киім кию эстафетасын Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасына және жергілікті «Көкше» телеарнасының ұжымына тапсырды. Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының баспасөз қызметінен атап өткендей, челленджді өңірдің кітап-ханалары мен мәдениет үйлері қолдады, олар да оған қосылады. Апта соңына дейін акция облыстың барлық аудандарын қамтиды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий