Жұмыс ауқымды

Биыл облыс орталығы – Көкшетау қаласында 5 мың түп ағаш отырғызылып, 25 мың текше метр гүл көшеттері жасалмақ.

DSC_3605

Облыс әкімінің өкімімен жарияланған елді мекендерді абаттандыру, көркейту және санитарлық тазалығын сақтау айлығы шеңберінде Көкшетау қаласында жалпықалалық сенбілік өткізілді. Ал, тазалық бейсенбілігі апта сайын өтуде. Екпінді айлық аясында өткізілетін ауқымды шараларды дер кезінде атқарып шығу үшін қала аумағы 218 учаскеге бөлінген. Тапсырылған шаруалардың сапалы әрі тиянақты орындалуын қалалық штаб қадағалайтын болады. Күл-қоқыстарды жинастыру, көшелерді, алаңдарды уақытылы сыпыру, ағаштар мен жол жиектерін әктеу шараларынан басқа биыл қала бо-йынша 5 мың түп ағаш, 25 мың текше метр жерге гүл көшеттері отырғызылмақ. Бұл жұмыстар қазіргі таңда шапшаң қарқынмен жүргізіліп жатқанымен отырғызылған ағаш пен гүлдің тез жетіліп, өсіп кетуіне қамқор болған жөн. Өйткені, уақытылы суарылмаған соң, былтыр көптеген ағаш қурап қалды. Кей адамдар, әсіресе, жастар жағы тәртіпсіздік танытып, ағашты сындыру, гүлді жұлып тастауға жол беруде. Екпінді айлық кезінде атқарылған шаруалармен іс біттіге санамай, қала тазалығы үнемі қатаң бақылауда болуы тиіс. Қала әкімі әр тұрғыннан осындай жауапкершілікті талап етуде.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс