Жұмыс сапасы – бақылауда

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс бабымен Көкшетау қаласындағы бірқатар нысандарда болып, онда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Сапар кезінде Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов бірге болды.

Әкім «КГС Сауда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің көп пәтерлі тұрғын үй құрылысын аралап көрді. Серіктестік директоры Ғалымжан Көпішев осы уақыт ішінде жүргізілген жұмыстармен таныстырды. Өңір басшысы құрылыс жұмысына жергілікті құрылыс материалдарын пайдалану, қауіпсіздік шараларын күшейту жөнінде тапсырма берді.
Облыс басшысы Көкшетау автобус паркінде болды. Кәсіпорын директоры Әсия Шәрімова қаладағы тұрақты жолаушы тасымалдау жүйесінің жұмысы мен жергілікті қоғамдық көлік құрамын жаңарту барысы туралы баяндады. Сапар барысында әкім қоғамдық көлік мәселесі бойынша жиын өткізді. Қаладағы №1 орта мектеп аумағындағы қосымша ғимарат құрылысымен танысқан облыс басшысы мердігер компания өкіліне жұмыстың қарқынды жүргізіліп, сапасына аса мән беруді тапсырды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий