Жұмыс іздеп жүрсіз бе?

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Достар» мәдениет сарайында 17 маусымда жастар үшін бос жұмыс жәрмеңкесі өткізіліп, оған отыз алты ұйым қатысты.

Көкшетау қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі директорының міндетін атқарушы Александр Солодканың айтуына қарағанда, бұл шара жыл басынан бері екінші мәрте өткізіліп отыр. Бұл шараны өткізудегі басты мақсат – жұмыссыз жүрген азаматтарға бос жұмыс орындары жайлы толық мағлұмат беру. Сонымен бірге жәрмеңке барысында олар жұмысқа орналасу және кәсіби ба00012ғдар жайлы ақыл-кеңес те ала-алады. Өткен аптадағы жәрмеңкеге 36 кәсіпорын қатысып, олар өз ұжымдарындағы 186 бос жұмыс орны жайлы ақпарат берді. Жәрмеңкеге келуші жастар алған білімдеріне орай оқу және денсаулық сақтау саласында істеуге көбірек құқық танытты. Жұмыс іздеушілер санатында слесарь-сантехник, балетмейстер, инженер-конструктор, энергетик, маркетолог-аналитик, киім пішуші, шаштараз, тағы басқа мамандық иелері болды. Мұндай жәрмеңке жастарымыздың жаппай жұмысқа орналасуына кепілдік бермесе де, еңбек рыногында қалыптасып отырған жағдайда толық ақпарат алуға мүмкіндік беруде. Мұнан басқа мемлекеттік бағдарлама бойынша жастар практикасы және қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылып, әлеуметтік жұмыс орындары құрылуда. Мемлекет осындай ізгі қадам жасай отырып, жұмыссыздар санын қысқартуда мүдделілік танытуда. Кейбір мәліметтерге жүгінсек, біздегі жұмыссыздар еңбекке қабілетті азаматтардың 5 пайызын құрайды екен.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс