Жұмыс қарқынын үдете түсеміз

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат мәжілісінде «Көкшетау Жылу» коммуналдық кәсіпорнының жетекшісі Сергей Жуковтың жылу маусымына және қалалық білім бөлімінің жетекшісі Бейбіт Жүсіповтің алдағы оқу жылына дайындық туралы есептері тыңдалды.

«Көкшетау Жылу» коммуналдық кәсіпорнының жетекшісі С.Жуков жаз бойы атқарылған жұмыстар, жұмсалған шығын, қордаланған қарыздар, оларды қайтару жолындағы шараларды баян етті. Оның айтуынша, жылу қазандықтары, желілердегі бөлшектер ауыстырылған. 7 насос станциясы жаңартылған. №1 аудандық жылу қазандығына 6 миллион теңгеге жөндеу жүргізілген. Берешегі бар азаматтардың қарыздарын қайтару үшін жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді. Бұл мәселеге орай, қала басшысы тұрғындармен жиі жүздесіп, түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізіп тұруды тапсырды. Қаланың алдағы жылу маусымына дайындығын пысықтаған қала әкімі шаһарды жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындарға коммуналдық қызметтерге дебиторлық қарызды төмендету және ағымдағы қарыздың артуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдауды және бұл мәселеде ешқандай шикіліктің шықпауын шегелеп тапсырды. Ол өз сөзінде жылу беру маусымының кәдімгі егін орағы немесе жаңа оқу жылы тәрізді аса жауапты науқан екендігін жауапты лауазым иелерінің естеріне салды.
Білім бөлімінің жетекшісі Б.Жүсіповтың айтуынша, қала мектептері жаңа оқу жылына толық дайын. Биыл оқулықтармен жабдықтауда қиындық туындамайды. Жаз бойы бірнеше мектеп пен балабақшаға күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жаңа оқу жылы қарсаңында 9 кабинет жасақталған. 5 күндік оқу аптасына көшу 2017-2018 жылдары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Жаңа оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұнына көшу үрдісіне байланысты ұстаздар қауымы біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Аппарат мәжілісін қорытындылаған қала әкімі Е.Маржықпаев сала басшыларынан келешекте атқарған жұмыстарының жай-жапсарын, алдағы жоспарларының орындалу барысын нақтылы баяндау-ды талап етіп, танысты. Ол бөлінген қаражаттардың игеріліп, жұмыстың жанды жүруі үшін, жобалық-сметалық құжаттардың дер кезінде және мұқият дайындалуын, жоспарланған жұмыстардың кешеуілдемеуін қатаң ескертті.

Әсем ЖҮНІС.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс