Жұртшылықты қуантқан жәрмеңке

Көкшетаудағы Тәуелсіздік алаңында ұйым-дастырылған жәрмеңкеге Астрахан, Аршалы, Бұланды, Біржан сал, Есіл, Жақсы, Қорғалжын, Сандықтау аудандарының ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілері мен Көкшетау қаласының өңдеуші кәсіпорындары 90,7 миллион теңгенің 97 тонна азық-түлік өнімін саудаға шығарды.

Мұнда қала тұрғын-дарына нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен ауылшаруашылығы өнімдері ұсынылды. Облыстық ауыл- шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қасым Итқұсовтың айтуынша, тұтынушыларға 43 тонна ет және ет өнімдері, 4,5 тонна балық, 152 мың дана жұмыртқа, 7,5 тонна сүт және сүт өнімдері, 16 тонна ұн, 20 тонна картоп пен көкөніс ұсынылды. Жәрмеңкеде ауылшаруа-шылығы өнімдерімен бірге жеміс ағаштарының көшеттері мен отын сатылды. Алаңда кәуап, ыстық шай, нан өнімдері сияқты қоғамдық тамақтандыру орны ұйымдастырылды. Сондай-ақ, тегін дәм тату және бауырсақ тарату акциясы өткізілді. Әсіресе, Біржан сал ауданында орналасқан «ҚазГерҚұс» серіктестігі құрған сауда шатырының алдында тұтынушылар қарасы көп болды. Мұнда тауық жұмыртқасының бір данасы 22-24 теңгеден сатылды. Аталған ауданның ауылшаруашылығы та-уарларын өндірушілері 2 тонна ірі қара мал етін, 500 келі қой етін, 300 келі құс етін, 70 мың дана тауық жұмыртқасын, сүт өнімдерін әкеліпті. Қорғалжын ауданы 2 тонна ірі қара мал етін, құс етін, 2 тонна әртүрлі балықты, қымыз бен көкөністі саудалады. Бұл күні ірі қара етінің келісі 1500 теңгеден, жылқы еті 1700 теңгеден, қой еті 1400 теңгеден, құс еті 850 теңгеден босатылды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий