Жәрдемақы төлемі

Өткен жылы Көкшетау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен 96 көпбалалы отбасына 17,5 миллион теңге атау-лы әлеуметтік көмек көрсетілген. Келісілген және шартсыз қаржылық көмек те бар. Шартсыз қаржылай көмек жұмыс істеуге қауқарсыз ата-аналарға (соның ішінде 7 жасқа дейінгі мүгедек баласын қарайтын) бір тоқсанға белгіленіп, ай сайын бір адамға 14489 теңге төленеді. Келісілген қаржылай көмек жұмыс істеуге ынталы адамдарға беріледі. Ол алты айға белгіленіп, ай сайын бір адамға 14489 теңге төленеді. Бұл екі көмек те белгілі бір мерзімге рәсімделіп, сол уақытқа ғана төленеді.
Халықаралық әйелдер күніне орай «Алтын алқа», «Күміс алқа» алған 1024 көпбалалы аналарға жергілікті бюджеттен 10 мың теңге көлемінде 10,2 миллион теңге бөлінді. 2019 жылы 5 АЕК көлемінде 12 625 теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл категориялар, сондай-ақ, Көкшетау қаласында қоғамдық көлікте тегін жүру құқығына ие.
Тұрғын үй көмегі 10 көпбалалы отбасына рәсімделіп, 49 адам 430 мың теңгенің қолдауына, 3,1 миллион теңгенің материалдық көмегіне 57 отбасы ие болды. 2017 жылы 5 көпбалалы отбасына пәтер берілді. Республикалық бюджеттен қаржы бөлінсе, бұл категориядағы отбастарына үй салудың жобалық-сметалық құжаты дайын тұр.
Көкшетау қаласындағы көпбалалы отбастарынан 1 381 бала мектептерде оқып жүр. Оның 1203 жалпыға міндетті оқу қорымен (тұрмыс сүру деңгейі 28978 теңгеден төмен) қамтылған. Өткен жылы осы қордан 47,8 миллион теңге бөлінді, оның 16,9 миллион теңгесі тамаққа, 1,9 миллион теңгесі киім-кешекке жұмсалды. Жазғы лагерьлерге жолдамаға 693,7 мың теңге, мәдени-көпшілік шараларға қатысуға 1,0 миллион теңге қарастырылды.
«Мектепке жол» акциясы бойынша 2018 жылы 2,8 миллион теңгеге демеушілік көмек көрсетілді. Ағын су шайып, баспанасы жарамсыз болып қалған көпбалалы Бетхольдтарға қалалық мәслихат депутаты М.Елубаев өз есебінен үй (3 миллион теңге) салуға көмек көрсетті.
2018 жылы Науан Хазірет мешіті «Зекет» қорымен бірлесіп, «Ел үлесі пәтерге» қайырымдылық жобасын іске қосты. Соның арқасында үш көпбалалы отбасы (7 баласы бар Мәуленгүл Тарбах, 1-ші топтағы мүгедек, 2 балалы Гүлнәр Хамзина, 6 баласы бар Алмагүл Еркінбекова) баспаналы болды. Мешіт тарапынан 998 отбасына 9 тонна ет, 350 балаға мектеп қоржыны, 1855 тұрмысы төмен отбастарына азық-түлік, 15 отбасына көмір мен отын жеткізіліп, 164 отбасына қаржылай көмек көрсетілді.
Биылғы жылдың 4-ші ақпанында қаланың кәсіпкерлері 40 жағдайы төмен отбастарына 3,5 миллион теңгеден астам қаржылай көмек берді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий