Жәрмеңкеде жарылқанды

Биылғы жылдың алғашқы күзгі жәрмеңкесіне күннің ашық болуы үлкен әсерін тигізді. Халық ертемен «Алтын ғасыр» сауда үйінің алдына ағылды. Бұл күні 50-ден астам товар түрі нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен сатылды. Жәрмеңкенің барысын облыс әкімінің орынбасары Егор Каппель мен қала әкімі Ермек Маржықпаев бақылады.

Жәрмеңкеге өз өнімін Атбасар, Сандықтау, Зеренді және Еңбекшілдер ауданының шаруашылықтары әкелді. Көкшетаулық «ТауКон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Блохин жеке кәсіпкерлігі, «Бижан» ет өңдеу зауытының товарлары да көпшілік сұранысын қанағаттандырды. Әсіресе, балық өнімі көп болды. Шамамен 20 тоннаға жуық. Сонымен қатар 63 тонна ет және ет өнімдері, 30 тонна ұн, 158 тонна көкөніс пен жеміс, 5 тонна қант, т.т. халық көптеп алды.  Қала тұрғыны Зайра Үмбетова: «Өзімдікі дейтін саяжайымыз жоқ. Сондықтан күзгі жәрмеңкені асыға күтеміз. Бір келгенде бірнеше келісін, қаппен де аламыз. Бұл жолы картопты – 85, сәбізді – 75, қызылшаны – 90, қырыққабатты – 60 теңгеден сатып алдым. Жақында оңтүстік өңірден көкөніс өнімі келеді дегенді құлағым шалды. Сол кезде қысқа қорды тағы жинап аламын деп отырмын», – дейді. Халық бұл жолы да ет пен жұмырт-
қаны көп алды. Бұл өнімдер сатылған павильондарға кезек үлкен болады. Жәрмеңкеде жылқы етін – 1400, сиыр етін – 1250, қой етін – 1200, шошқа етін – 900, ал жұмыртқаның он данасын – 180 теңгеден сатты. Мәдени шараларға да көңіл бөлінді. Көкшетау қаласының тұрғындары үшін аудандық өнерпаздар ән салды.
Әлеуметтік көмек те назардан тыс қалған жоқ. Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы аясында «Сельхозтех KZ» жеке кәсіпкерлігі акция ұйымдастырды. Бұл шарадан қалалық кәсіпкерлік бөлімі де тыс қалған жоқ. Мыңға жуық азық-түлік пакеті жәрмеңкеде үлестірілді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий