Жәрмеңкелер жалғасады

Көкшетау қаласындағы «Алтын ғасыр» сауда үйі мен Тәуелсіздік алаңында бірнеше аудан мен облыс орталығының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Бұл күні халыққа нарыққа қарағанда біршама арзан бағамен 35 өнім түрі сатылды. Облыс және қала басшылары жәрмеңкенің барысын қадағалап, бағаның тұрақты болуына назар аударды.

DSC_5137 Жәрмеңкеге бұл жолы Көкшетау қаласынан басқа Еңбекшілдер, Зеренді, Сандықтау, Шортанды аудандарынан келген  кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты. Бұл күні 17,4 тонна ет және шұжық өнімдері, 8,9 тонна балық, 144,6 мың дана жұмыртқа, 5,5 тонна сүт және сүт өнімдері, 14 тонна ұн, 19 тонна картоп, 39 тонна көкөніс, 5,2 мың литр сұйық май саудаға шығарылды. Жоспар бойынша 40,4 миллион теңгенің өнімін сату жоспарланды. Қалалықтар жәрмеңкені асыға күтетіні белгілі. Нарықтағы бағадан 15-20 пайыз төмен болғандықтан, осы жерден керегін сатып алып, біраз қор жинап алуды әдетке айналдырған. Бұл жолы да солай болды. Тұтынушыларға біршама жеңілдіктер де жасалды. Мысалы, бір келі бал сатып алғанғандарға екіншісі тегін берілді. Дәл осындай жәрмеңке Жаңа жыл қарсаңында да ұйымдастырылмақ.

 

 

Көкше ақпарат

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий