Жәрмеңке саудасына тұрғындар риза

Көкшетау қаласында Аршалы, Ақкөл, Бурабай, Егіндікөл, Ерейментау, Шортанды, Қорғалжын, Целиноград аудандары мен облыс орталығының ауылшаруашылығы тауар өндірушілері және «Көкше» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі өтті. 

Тәуелсіздік алаңында ұйымдастырылған жәрмеңкеге өңірдің 90-нан астам ауылшаруашылығы тауар өндірушілері жалпы құны 68,1 миллион теңге болатын 104,3 тоннаға жуық өнім әкелді. Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайызға арзан сатылды. Соның ішінде 24,7 тонна ет және шұжық өнімі, 3,4 тонна балық, 7,3 тонна сүт және сүт өнімі, 272 дана жұмыртқа, 5,1 тоннадан астам ұн, 4 тонна өсімдік майы, 58,8 тонна картоп пен көкөніс және өзге де өнімдер бар. Жәрмеңкені арнайы барып көрген Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықов азық-түлік бағасы мен сапасына назар аударды. «Көкше» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының сөрелерінде күнбағыс майының литрі – 390 теңге, тазаланған күріштің келісі – 280 теңге, қарақұмық жармасы – 267 теңге, қанттың келісі – 200 теңге, 1 кг бірінші сортты ұн – 110 теңге, жоғары сортты ұнның екі келісі 500 теңге болды. Павильондарда облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің, ұлттық сараптама орталығының мамандары азық-түлік өнімдерінен сынама алып тексеріп, санитарлық талаптардың сақталуына ерекше көңіл бөлді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий