Жөндеу жұмысының сапасы қатаң бақылауда

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев кеше коммуналдық қызметтер мен мемлекеттік ведомстволардың жетекшілерімен кеңес өткізіп, облыс орталығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мәселесін талқылады. 

Кеңесте алдымен «Сұңқар» және «Васильковка» мөлтек аудандарында аулаларда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына назар аударылды. Барлық жұмыстар белгіленген кестеге сай жүргізілгенімен, бақылауды босаңсытпау керек. Бұл орайда тұрғындардың да өтініш-тілектері ескерілгені жөн. Санитарлық тазалық мәселесі, оның ішінде көң-қоқыстар мен қураған ағаштарды тасымалдау қатаң бақылауда болуға тиіс. «Көкшетау жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бу қазандықтары мен жылу тораптарын жөндеумен белсенді айналысқанымен, жылуға, суға тұрғындардың берешектерін жинау жағы мардымсыз. Жылу инс-
пекциясы пәтер иелері кооперативтерімен бірлесіп, көпқабатты барлық үйлердің жылу маусымына дайындығын қатаң тексеруге міндетті. Үй маңдарында заңсыз қойылған металл гараждарды алуда қалалық сәулет бөлімі мен жергілікті полиция бірлесе қызмет атқаруға тиісті. Босаған орындарға келешекте балалардың ойын алаңдары, спорттық жаттығулар жасайтын алаңдар жасалмақ. Мәселен, мердігерлер Сәдуақасов көшесі 24 мекенжайы бойынша ауланың жартысын тазартып, онда жиектастар қойды. Құммен тегістеп, балалар үшін әткеншектер, сырғанақтар жасалмақ. Жиынды қорытындылай келе, қала әкімі әлеуметтік нысандар құрылысын дер кезінде, әрі сапалы атқару үшін тиісті ведомство басшылары тікелей жауапты екенін ескертті.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс