Заманауи кешен ашылды

Көкшетау қаласының нысандар қатары тағы бір есеге өсті. Өңірімізде заманауи үлгіде салынған «Аспан» монша кешенінің ресми ашылуы өтті. Салтанатты ашылу шарасына қатысқан Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса жұртшылық алдында сөз сөйлеп, қызметкерлерге сәттілік тіледі. Моншада барлық жағдайлар жасалған. Мысалы, ерлер мен әйелдер залы құрғақ тазалау және спортзал, парикмахер және балалар ойын алаңы орналастырылған. Үш жыл демалыс алған нысанда бүгінгі таңда 45 адам жұмыс істейтін болады. Айта кететін жайт, қала тұрғындары кешен орталығына қалаған күні сағат 7.00-ден 22.00-ге дейін бара алады. Оған қоса монша демалыссыз қонақтарға қызмет жасайтын болады. Демалыс орнында сауна және бассейн де орналасқан. Монша қызметкерлері зейнеткерлер үшін жеңілдік жасап, дүйсенбі және жұма күндері аралығында 20% жеңілдік сыйлайды.

Айғаным ЕРБОЛҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий