Зандылық талаптар бұрмаланған

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаетың қатысуымен Сәтпаев көшесі 35 мекенжайы бойынша үлестік құрылыс нысаны – 18 пәтерлі үш қабатты тұрғын үйде қалыптасып отырған өткір мәселе талқыланды. Бұл ғимаратты салушы мердігерлік ұйым С.Исин жетекшілік ететін «КанСам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Бұған дейін бұл нысанда қордаланған түйткіл мәселелер бойынша қала әкімдігінде алты жиын өткізілген-ді, оның екеуі құрылыс-тың басында. Үлеске қаржы салушылар қала әкімінің қабылдауында болып, ішкі істер басқармасы мен мердігерлік ұйым жетекшілерімен де кездескен болатын. Сәулет және қала құрылысы бөлімі аталған нысанда төрт рет көшпелі жиын ұйымдастырды.
Өз тарапынан үлесшілер де құқық қорғау органдарына мердігерлік ұйым үстінен қылмыстық іс қозғау жөнінде өтініш жасайды.Алайда, құрылысшылар жауапқа тартылған жағдайда ақшамызды қалайша кері қайтарып аламыз деген үреймен салымшылар арыздарынан бас тартуға мәжбүр болды.
Өтініш берушілердің шағымдарын тыңдай келе, қала басшысы бұл мәселені тыңғылықты зерттеу қажеттігін айтты. Аталған ғимараттың беріктігі жөнінде техникалық зерттеулер жүргізілуі керек. «Дегенмен де, сіздер ақшаны берместен бұрын заңгерлермен, мемлекеттік органдардың мамандарымен кеңесіп, мердігерлермен шарт жасасу керек еді. Осылай құрылыс туралы мәліметтерді нақтылап, қажетті құжаттармен танысқан да жөн еді», – деді қала басшысы. Жиынға қатысқан қала прокуроры Арман Ризанов үлестік құрылыстың Қазақстанда тоқтатылғандығын атап көрсетті. Көкшетау қаласында орын алып отырған бұл жағдай сирек құбылыс. «Біз өз тарапымыздан тиісті бақылау жасап, сараптамалар өткіземіз. Ал, сіздер өз тараптарыңыздан құжаттарды толтыру үшін бастамашыл топ құрып, барлық құқықтарыңызды заңдастырып алыңыздар», – деді қала прокуроры. Қазіргі таңда аталған нысанда төртінші қабат салынып, пәтерлердің ішкі әрлендіру жұмыстары аяқталды. Электр желілері тартылып, маңайдағы құрылыстық қалдықтар тасылып, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде.

Көкшетау қаласы әкімінің
баспасөз қызметі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс