Заңды орындау – заман талабы

Ақмола облысында тіл саясатын жүзеге асыру «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына,  «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың                                 2020 — 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы                              № 1045 қаулысына сәйкес жүргізіліп келеді.

Осы нормативтік құқықтық актілерге байланысты Ақмола облысы әкімдігінің «Ақмола облысында Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 2020 жылғы                           4 ақпандағы № А-2/46 қаулысына сәйкес Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы өз жұмысын жалғастыруда.

2019 жылдың екінші жартыжылдығында тіл заңнамасының орындалуын қадағалау мақсатында Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңнаманың сақталуы жөніндегі 2019 жылдың II жартыжылдығы бойынша бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау өткізудің тізімі туралы» Ақмола облысы әкімдігінің  2019 жылғы 19 сәуірдегі №  А-4/160 қаулысына сәйкес мемлекеттік мекемелердегі тіл заңнамасының сақталуына профилактикалық бақылау жүргізді.

Мәселен, профилактикалық бақылау «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Ақмола облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесінде, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде, Біржан сал ауданының «Ветеринария бөлімі», «Ауыл шаруашылығы бөлімі», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», «Степняк қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелерінде, «Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі», «Ерейментау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемелерінде, «Зеренді ауданының туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, «Целиноград ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жүргізілді.

Жүргізілген тексерістердің барысында тіл заңнамасы талаптарын бұзу фактілері анықталды. Мәселен, бірқатар мемлекеттік мекемелерде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын жүзеге асыру, орындау туралы мәселе қаралмаған. Тіл заңнамасының жүзеге асырылу барысы қаралған жиналыстардың хаттамалары кейбір мемлекеттік мекемелерде мүлдем жоқ. Кейбір мемлекеттік мекеме қызметкерлері құжаттарды ресімдеу барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 қыркүйектегі                                 № 931 қаулысының талаптарын сақтамаған. Тілдерді дамыту мен қолданудың  2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалмаған, мемлекеттік тіл саясатын түсіндіру, насихаттау жұмыстары жөнді жолға қойылмаған, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді меңгеру жағдайы ұдайы қадағаланып отырмайды және қызметке қабылдау кезінде мемлекеттік тілді білу деңгейіне жеткілікті көңіл бөлінбеген. Шағымдарды, өтініштерді тіркеу журналдары, кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу журналдары, жылдық бухгалтерлік есеп-қисаптары, мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттері, қабылдау-тапсыру актілері, азаматтардың еңбек келісімшарттары, ілеспе хаттардың қосымшалары және осы тектес т.б. құжаттар ресми тілде ғана орындалып, соның нәтижесінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінен 8, 9, 10-бап талаптары өрескел бұзылғандығы анықталды.

Профилактикалық бақылаулардың нәтижесі бойынша аудан әкімдеріне, мемлекеттік мекемелердің басшыларына анықтамалар мен хаттар жолданып, заң бұзушылық фактілерін жою, кемшіліктерді жолға қою жөнінде ұсыныстар жасалды. Нәтижесінде мемлекеттік мекемелердің тарапынан жұмыстар жүргізіліп, тіл заңнамасы бойынша анықталған бұзушылықтар түзетілді.

Бұл жұмыс биылғы жылы да жалғасын табуда. 2020 жылдың                            I жартыжылдығында  облысқа қарасты 43 мемлекеттік мекемеде тіл заңнамасының орындалуы бойына аталмыш профилактикалық бақылау жұмыстары қолға алынды.

Әсіресе мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп-қисаптар «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес келмей жатады. Сондықтан «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің                  2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 931 қаулысын негізге алып, орындалуын мекеме басшылары қатаң бақылауға алуы тиіс.

Демек, бүгінгі таңдағы басты міндеттердің бірі – азаматтық және мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді, сол тілде еркін жұмыс істеуді үйрету. Әрине, тіл мәселесінің өте нәзік екендігін, оның зорлықпен емес, тек шынайы ықыласпен ғана іске асатын шаруа екені белгілі. Әркім тіл саясатын бар ықыласымен қабылдап, сол іске барынша өз үлесін қосуы керек. Себебі, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қастерлеп, үйрену – Қазақстанның барша азаматының парызы.

«Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады», — деп Ғабит Мүсірепов айтқандай елдің, тілдің болашағын сақтау баршаның міндеті. Қазіргі жаһандану кезеңінде еліміздің ақпараттық кеңістігін әлемдік стандарттарға сай кеңейте отырып, мемлекеттік тілді ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бір нысаны ретінде жетілдіруді және қорғауды қамтамасыз еткеніміз абзал.

Ә.Әмірханов,

Ақмола облысы ішкі саясат

басқармасының тілдерді дамыту

және ономастика бөлімінің бас маманы

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий