Заң – баршаға ортақ

Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Онлайн режимде өткен қабылдау барысында тұрғындардың сұрақтарының басым бөлігі негізінен тұрғын үй, әлеуметтік көмек және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәсе-лелеріне қатысты болды.

Зейнеткер Сатина Жүсіпбекова баспана мәселесіне қатысты шағымданды. 2005 жылдан бері үй кезегінде тұрған ол Красный Яр кентінен ұсынылған тұрғын үйден бас тартқанын айта келе, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің жұмысын сынға алды. Оның сөзінше, тапсырылған құжаттары түгел емес. Мемлекеттік орган мамандары өтініш иесінің №3 тізім бойынша кезекте тұрғанын, құжаттарының барлығы тіркелгенін жеткізді. Қабылдауға келген Рауза Абилова да тұрғын үй мәселесін алға тартты. Ол сот шешімімен үй кезегі бойынша №1 тізімге ауыстырылғанымен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі бұл талапты орындамай отырғанын ашына баяндады. Әкім заңгерлер өтініш иесінің құжаттарын мұқият тексеретініне сендірді. Алтынгүл Мәден есімді қала тұрғыны мал базарын ашу үшін жер телімін сұрады. Мамандар ҚР Жер кодексінің 48-бабына сәйкес мемлекет иелігіндегі жер телімі конкурс, аукцион тәртібімен ұсынылатынын түсіндірді. Сондай-ақ, өтініш иесінің химиялық бұйымдар шығару, мал шаруашылығын дамыту үшін сұраған жер телімдері қаланың бас жоспарына сай келмейтінін мәлімдеді. Материалдар қалалық жер қатынастары бөлімінің қарауына жіберіледі. Әкім көтерілген мәселелерді тұрғындармен егжей-тегжейлі талқылап, оларды өз бақылауында ұстайтынын ескертті. Құзырлы қызмет басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. Азаматтарды қабылдағаннан кейін қала әкімі қол астындағыларға тұрғындармен ашық диалог құруды, мәселелердің байыбына барып, оларды шешуге бар күштерін салуды тапсырды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий