Заң – баршаға ортақ

Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайы-ловтың қатысуымен мемлекеттік орган қыз-меткерлерінің жұмысына қатысты кеңес өтті.

Оның барысында ҚР Бас прокуратурасының Ақмола облысы бо-йынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің азаматтық және әкімшілік салада құқықтық ақпараттандыру бөлімінің басшысы Ләззат Құдабаеваның баяндамасы тыңдалды. Өтініштер мен шағымдарға уақытылы қаралуымен мемлекеттік органдардың жұмысы бағаланады. Бұған Президент әкімшілігі де баса мән беріп отыр. «Жыл қорытындысы бойынша өңірдің жергілікті атқарушы органдары 62,45 бал-
мен бағаланса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 77,91 балды құрады. Заңбұзушылықтардың бірі өтініштерді қарау мерзіміне байланыс-ты. Былтыр жергілікті атқарушы органдарға қатысты 23 заңбұзушылық анықталды. Оның 12-сі Көкшетау қаласына қатысты. Айталық, қалалық сәулет-құрылыс бөлімінде Осипенко көшесі, 34 үйі тұрғындарының ұжымдық өтініші 33 күн қаралған. Облыс бойынша өтініштердің тіркелмеуіне қатысты 429 факті орын алса, оның 94-і Көкшетау қаласына қатысты. Аталған заңбұзушылықтар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінде орын алған. Сондай-ақ, сәулет-құрылыс бөлімі бір азаматтың өтінішін 29 күннен кейін ғана қараған», – дейді Л.Құдабаева. Қала бойынша өтініш иелеріне жауап берілмеуге қатысты 16 факті тіркелген. 22 өтініш иесінің мәртебесі көрсетілмеген. Бір атап өтерлігі, ішкі бақылаудың жоқтығынан заңбұзушылықтардың қайталануына жол берілген. Осы ретте баяндамашы басқа өңірлердегі оң нәтижелерді мысалға келтіріп, оны тәжірибеде қолдануға кеңес берді. Айталық, Павлодар облысында тұрғындардың «WhatsApp» мессенджері арқылы мемлекеттік орган жетекшілерімен тікелей байланыс орнатуына мүмкіндік берілген. Мұның өзі өтініштер бойынша шұғыл шаралар қолдануға қолайлы. Өскеменде «ашық әкімдік» жобасы аясында 5 бөлім азаматтарға қызмет көрсетеді. Қызылорда облысында әр жұма – «Бақылау күні» бақылау құжаттарына сараптама жүргізіледі. Қостанайда ашылған «iKomek» мониторинг орталығында қызметкерлер барлық коммуналдық-тұр-мыстық мәселелерге қатысты қоңырауларды қабылдайды.
Алдағы уақытта осы тақырыпта мемлекеттік орган қызметкерлерімен оқыту семинарын өткізу жоспарланып отыр.

Ә.ҚҰЛЖАНОВА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий