«Зерек» – бөбектерге керек

Көкшетауда қаланың 195 жылдық мерейто-йына тарту ретінде 280 орындық жаңа балабақша пайдалануға берілді.
Екі қабатты жаңа ғима-ратта балғындардың жан-жақты тәлім-тәрбие алуына толық жағдай жасалған. Музыка, спорт- зал, интерактивті скалодром, тәжірибелік зертхана, бейнелеу студиясы, компьютерлік сынып, ағылшын тілі, робототехника кабинеттері, сенсорлық бөлме, хореография залы жұмыс істейді.
Жиналғандар алдында құттықтау сөз сөйлеген Ермек Маржықпаев бұл жақсылықтың «Балапан»
мемлекеттік бағдарла-
малар шарапатының арқасында екендігін айта келе, алдағы оқу жылы осында баратын бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарын қуаныштарымен құттықтады. Жиналған қауым ішке еніп, бүлдір-шіндердің жатқа оқыған өлеңдері мен әсем әндеріне құлақ түрді. Өз кезегінде ата-аналар да облыс басшылығының атына осынау қамқорлықтары үшін шексіз ризашылық сезімін білдірді. 280 орынға шақталған мектепке дейінгі білім беру мекемесінде 12 топ қарастырылған. «Бүгінгі күні елімізде балалардың сапалы тәлім-тәрбие алуы үшін барлық жағдай жасалуда. Осы бағытта еліміздің әр өңірінде балабақшалар мен мектептер көптеп салынуда. Әсем қаламыз Көкшетаудың 195 жылдық мерейтойын мерекелеу шеңберінде бүгінгі есігін айқара ашып отырған балабақша соның бір айғағы іспеттес», – дейді балабақша меңгерушісі Бану Нүпілова.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий