Зерендідегі игі іс

Жұмыс сапарымен Зеренді ауданында болған кезінде облыс әкімі Мәлік Мырзалин бірқатар әлеуметтік, өндірістік нысандарда болып, аудан активінің жиналысын өткізді. Өнеркәсіп секторын одан әрі дамыту, мал шаруашылығы мен туризмді өрістету жөнінде нақтылы тапсырмалар берді.

Жұмыс сапарымен Зеренді ауданында болған кезінде облыс әкімі бірқатар әлеуметтік нысандарда болды. Атап айтқанда, «Жігер» балалар- жасөспірімдер клубының жұмысымен жақынырақ танысты. Мұндағы ойын алаңына, жүзу бассейніне, тренажер және күрес залдарына айрықша назар аударды. Аталған клуб тәулігіне 90 адамның спортпен айналысуына толық мүмкіндік жасай алады екен. Кәсіпорын директоры Ирина Плотникованың айтуына қарағанда, мұнда бірнеше үйірмелер жұмыс істеуде. Аудандық мәдениет үйінде болған кезінде өңір басшысы мұндағы спорт залына күрделі жөндеу жұмыстарын жасау үшін жобалық-сметалық құжаттарды дайындауға тапсырма берді. Күрделі жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ, М.Ғабдуллин атындағы орта мектепте де жүргізу қажеттігі туындап отыр. Мектеп директоры Эльмира Халелованың айтуына қара-
ғанда, 1974 жылы салынған бұл оқу орнының оқу корпусында жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттаманың жасалғандығын, спорт залын қоса салу үшін 324 миллион теңге қаржы қажеттігін атап көрсетті. Еңбек ардагері Мұхит Қабдөшев «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында Балқадишаның есімін дәріптеп, Бурабай ауданындағы этноауылда арнайы киіз үй орнату жөнінде өтініш білдірді. Өздеріңіз білесіздер, Әміре Қашаубаев сонау 1925 жылы Париж сахнасында «Балқадиша» әнін айтып, қазақ өнері мен мәдениетін айдай әлемге паш еткен жоқ па.
Бұдан кейін облыс әкімі өткен жылы салынған жаңа емхананың неге пайдалануға берілмеу себебін сұрастырды. Жаңа ғимараттың жалпы құны 1,5 миллиард теңгені құрайды екен. Бүгінгі күні мұндағы құрылыс-монтаж жұмыстары 100 пайызға орындалғанымен техникалық құрал-жабдықтар дер кезінде келіп түспегендіктен, емхананы іске қосуда іркілістер орын алған. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Амангелді Смайылов бұл жұмыс мамыр айында толығымен аяқталатындығына уәде берді. Бірқатар өндіріс орындарының жұмысымен танысқаннан кейін облыс әкімі аудан активінің жиналысын өткізді. Онда өнеркәсіп секторын одан әрі дамыту, мал шаруашылығы мен туризмді өрістету жөнінде нақтылы тапсырмалар берді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс