Зерендіде туризмді дамытуға серпін берілмек

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев iссапармен Зерендi ауданында болып, туризм, бiлiм беру, денсаулық сақтау мекемелері мен өндiрiстiк кәсiпорындарды аралады.

Әсіресе, аймаққа демалушыларды көптеп тарту жайы өзекті. Зерендi ауданында туризмдi дамыту перспективалары туралы осы саладағы бизнес өкiлдерiмен көлдiң жағасында орналасқан жаңа «Зерендi Парк» демалыс үйiнде талқыланды. «Өңiрiмiзде «Ауыл – ел бесiгi» жобасы iске асырылып жатыр, оның аясында туристiк кластердiң дамуына ерекше назар аударылады. Оған үш аудан орталығы Аршалы, Зерендi және Астрахан енгiзілді. 2,8 млрд. теңге бөлiндi, бұл соманың жартысына жуығы Зерендi ауданына бағытталмақ. Ең бастысы, бiз инфрақұрылымды жақсартамыз, жолдарды жөндеймiз, оның 25 километрi тек Зерендiге тиесілі. Жаңа тротуарлар, жарықтандыру, рекреациялық аймақтар және басқа да объектiлер салынады, мұның бәрi курорттың келбетiн айшықтай түседі. Табиғатымыз жақсы, мұны дұрыс пайдалана бiлуiмiз керек», – деп атап өттi Ермек Маржықпаев. Өңiр басшысы Зерендi курорттық аймағын дамыту бойынша жеке бағдарлама дайындалып жатқанын айтты. Сонымен бiрге, жақында ауданда туризм бойынша кеңес құрылды. Бизнесмендердiң тiкелей қатысуымен туризмдi дамытудың жол картасы әзiрленiп, оған 16 млрд.теңге сомасына 40 iс-шара енгiзiлдi. Өңір басшысы Зеренді аумағында орналасқан «Aurora Garden», «Ақ Данат» туристiк нысандарында болып, онда да туризмді дамыту мәселелерi талқыланды.
Сапар барысында өңір басшысы көктемг-егiс жұмыстарының өтуiне назар аударды. «Умай жер» ЖШС егiстiк алқаптарында ауылшаруашылығы құрылымдары мен ауылдық округ әкiмдерiнiң қатысуымен өткен кездесуде агроөнеркәсiп саласына қатысты басқа да мәселелер қозғалды. Атап айтқанда, саладағы еңбек өнiмдiлiгiн арттыру мүмкiндiктерi, тұқым сатып алуды субсидиялаудың жаңа ережелерi, жоғары өнiмдi техникамен және жанар-жағар маймен қамтамасыз ету жайы талқыланды. Аудан әкiмi Берiкжан Әбутәлiповтің айтуынша, 250 мың гектардан асатын егiстiк алқаптың 12 пайызына дән сіңірілді. 66 гектардан астам жерге биыл майлы дақылдар егiледi, бұл өткен жылғыдан 5 мың гектарға көп. Облыс әкімі диқандардың жалақысын уақытында төлеу қажеттігін алға тартты. Ауданда өнеркәсіп саласы да дамып келеді. Бүгінде Алексеевка кен орнының базасында «Arai Pro» ЖШС-нiң тау-кен байыту комбинаты құрылысының жобасы iске асуда.Серіктестік басшысы Тимур Әбiловтiң айтуынша, кәсiпорын жоғары сапалы каолин-шикiзатын өндiрiп сатады, бұл өнiм ыстыққа төзiмдi кiрпiш, фаянс бұйымдарын, құрылыстық керамика мен ақ кiрпiш жасауда қолданылады. Каолин шикiзатының қорлары мен сапасы бойынша Алексеевка кен орны әлемдегi озықтар қатарында. Облыс әкімін жобаның аяқталу мерзiмі, өнiмдi өткiзу нарқы, құрылатын жұмыс орындары қызықтырды.
Облыс әкiмi майлы дақылдарды қайта өндiрумен айналысатын «Blic Terminal» ЖШС-нiң қызметiмен танысты. Май зауытының өндiрiстiк қуаттылығы – жылына 12 мың тонна. Тәулiгiне 60 мың тоннаға дейiн өнiм өңдейтін диiрмен кешенi бар. Осы маңда бройлерлiк құс фабрикасы салынуда, ол ағымдағы жылдың шiлде айында ашылмақ. Сондай-ақ, аудан орталығындағы 21 пәтерлi тұрғын үйдiң құрылысы мен аудандық емхананың тыныс-тіршілігі де облыс әкімінің назарынан тыс қалған жоқ. Жұмыс сапарының соңында Ермек Боранбайұлы аудан әкiмдiгiне әлеуметтiк, өндiрiстiк және туристiк салаларды дамыту бойынша бiрқатар нақты тапсырмалар бердi.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий