Зор денсаулық тіледі

Қала әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласының құрметті азаматы, еңбек ардагері Зура Шуатаеваны 80 жасқа толуымен құттықтап, құттықтау хат, гүл шоғы мен бағалы сыйлық табыс етті.

– Құрметті Зура Құлмырзақызы! Сізді мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сіз қашанда мол тәжірибеңізбен бөлісіп, ақыл-кеңесіңізді айтып, қаламыздың қоғамдық өміріне белсене араласып жүресіз. Сіздің белсенділігіңіз, қарым-қабілетіңіз жастарға үлгі. Алға қарай да қаланың қайнаған тыныс-тіршілігінің бел ортасынан табыла беретініңізге сенімдімін. Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін! – деді құттықтау сөзінде Е.Маржықпаев.
Мерейтой иесін, сондай-ақ, Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев, қаланың құрметті азаматы, еңбек ардагері Күләш Темірбаева құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Өз кезегінде Зура Құлмырзақызы да құрмет көрсетіп, құттықтаушыларға ризашылығын білдірді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий