Ислам күнтізбесіндегі ұлық мереке

Мұсылман қауымы үшін аса қастерлі саналатын Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні еліміздің барлық мешіттерінде Айт намазы оқылды. Ақмола облыстық Науан хазірет мешітіне де халық көп жиналды. Барша қауымды өңір басшысы Ермек Маржықпаев пен қала әкімі Амангелді Смайылов шын жүректен құттықтай келді. Өз сөзінде облыс әкімі аса қасиетті де, қастерлі Құрбан айт мерекесінің тағылымы жайлы айтып, елдің бірлігі мен ынтымағы жарасқан жарқын күндері көп болып, татулығымыздың бір айғағы – дінішілік ынтымақ екенін де өз сөзіне арқау етті. Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит құттықтау сөз сөйлеп, Айт намазының құтпасын оқыды. Қаз-қатар тізіліп, иін тірескен жамағат мерекелік намаздың құлшылығын жасады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның құрметіне салауаттар айтылды. – Бүгін ерекше күн, әлем мұсылмандары Құрбан айт мерекесін тойлауда. Ата-бабаларымыз аңсап кеткен азаттық таңы арайлап атып, тәуелсіздіктің жемісін көрудеміз. Ел-жұртымыз аман болып, көк туымыз асқақтай берсін, – деді бір-бірін ұлық мерекемен құттықтаған көпшілік.

Өз тілшіміз.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий